Ардагерлер – алтын қорымыз. Қазыналы қарттарды құрметтеу бүгінгі ұрпақтың міндеті мен парызы. Осы ретте, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ардагерлер туралы» Заңға қол қойып, ардагерлерге құрмет көрсетті.
Қарттарға сыйлыстық көрсетіп, ықылас білдіріп жатқанына ризамыз. Заңмен танысып, ондағы көрсетілетін көмекті де оқып қуандық. Бұл дегеніміз ерлікке, еңбекке деген құрмет деп білеміз. Ардагерлердің ерлігі мен еңбектегі қайтпас қажыр-қайраты ешқашан ұмытылмауы тиіс. Жеңіс сыйлаған, бейбіт күнді жақындатуға атсалысқан ардагерлерді ардақтай білейік. Қазақ та «қарты бар үй қазыналы» деген жақсы сөз бар. Осындай ерлік пен еңбектің көрінісін көрсеткен ардақты ардагерлеріміз аман болсын.
Аманжол қажы ДҮРӘЛІҰЛЫ,
«Ақментей» қоғамдық бірлестігінің төрағасы