A place where you need to follow for what happening in world cup

Халықты қолдау бәсеңдемейді

190

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының ел халқына арналған мәлімдемесін оқып шықтым. Бүгінгі төтенше жағдай кезінде қолға алынып отырған шаралар легіне кеңінен тоқталған Президентіміз табысынан айырылған тұрғындарды қолдау шаралары одан әрі жалғаса беретіндігін жеткізді. Өйткені, елдегі төтенше жағдай режимі 11 мамырға дейін ұзартылып отыр. Оған қоса, ағымдағы айдан бастап табысынан айырылған азаматтардың бірқатар санатына коммуналдық төлем де төленіп берілмек. Бұл өз кезегінде қиын-қыстау кезеңде үлкен сынақты бастан кешіп отырған көпбалалы және аз қамтылған отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін үлкен қолдау болып отырғанын айта кеткен жөн. Сонымен қатар, дәл осындай сын сағатта Президенттің ерекше қолдауына ие болған шағын және орта бизнес өкілдерінің де көңілдері көк жайлауға көшкендей күй кешкені талас тудырмаса керек. Әлбетте, Мемлекет басшысының мәлімдемесін түгел қаузап, иін қандыра талқылауға болады. Дегенмен, мемлекет тарапынан жүзеге асып жатқан жұмыстардың барлығы да ел игілігіне бағытталғанын, ертеңгі күннің еншісін ойлағандықтан жасалып жатқанын түсінуіміз қажет.

Жарылқасын Айтақов,

Шу ауданының әкімі

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.