A place where you need to follow for what happening in world cup

Төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін қамаққа алынды

421

Тараз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 476-бабының 6-тармағымен (санитариялық-эпидемияға қарсы iс-шараларды өткiзу) әкімшілік іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, 2020 жылдың 25 наурызы күні сағат 21:00 шамасында полиция инпекторымен әкімшілік аумақты тексеру барысында, дара кәсіпкер М. жалға алынған кафенің иесі бола тұра, аталған мекемеде қорқор (кальян) қолдану фактісі анықталған, яғни өз іс-әрекетімен «Қазақстан Республикасы төтенше жағдай енгізу туралы» режимін бұзған.

Қазақстанда Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес «Қазақстан Республикасы халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар» туралы Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 25-ПГВр қаулысы бойынша, халық тұтынатын жерде қорқорды (кальян) пайдалануға тыйым салынған.

Cот отырысында азамат М. өз кінәсін толықтай мойындап, іс — әрекетіне өкінетіндігін білдірді.

Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 476 бабының 6- тармағымен кінәлі деп табылып, оған әкімшілік жаза ретінде 7 (жеті) тәулік мерзімге қамаққа алу жазасы тағайындалған.

Тараз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.