Халықпен бірге – жарқын болашаққа — "Munaranews"
A place where you need to follow for what happening in world cup

Халықпен бірге – жарқын болашаққа

16

№5 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша
Талас аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат
НЕСИПБЕКОВ НУРСУЛТАН МУРАТОВИЧ

Өмірбаяным

Мен, Несипбеков Нурсултан Муратович, 1986 жылы 15 қазанда Жамбыл облысы, Талас ауданы, Майтөбе ауылында дүниеге келдім.
1993–2004 жылдары Майтөбе ауылындағы А.Дәулетбеков атындағы орта мектепте білім алып, мектепті аяқтадым.
2004–2007 жылдары Т.Рысқұлов ауданының Құлан ауылындағы ауыл шаруашылығы колледжінде білім алып, «Мал дәрігері» мамандығын меңгердім.
Еңбек жолымды 2011 жылы Берікқара ауылдық округінде ветеринариялық фельдшер қызметінен бастадым. 2015 жылы аталған ауылдық округтегі ветеринариялық пункттің меңгерушісі болып тағайындалдым.
2022 жылы Қаратау ауылдық округіндегі ветеринариялық пункттің меңгерушісі қызметін атқардым.
2023 жылы Қаратау қаласындағы ветеринариялық пункттің меңгерушісі болып ауысып, осы қызметте алты айдай еңбек еттім. Кейін Қаратау ауылдық округіндегі ветеринариялық пункттің меңгерушісі қызметіне қайта тағайындалып, қазіргі уақытқа дейін осы лауазымда еңбек етіп келемін.
Отбасылымын, бес баланың әкесімін.

Құрметті сайлаушылар!

Менің басты мақсатым – туған өлкеміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға атсалысу. Ауданның өркендеуі ең алдымен ауылдардың жағдайына, халықтың әл-ауқатына, тұрақты жұмыс пен қолайлы тұрмысқа байланысты. Сондықтан депутаттық қызметте елдің мұң-мұқтажын тыңдап, тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін ескеріп, өзекті мәселелердің шешілуіне ықпал етуді басты міндетім деп санаймын.

1. Ауыл инфрақұрылымын дамыту

— Ауылішілік жолдардың сапасын жақсарту және жөндеу жұмыстарын жүргізуге ықпал ету;
— Ауызсу мәселесінің шешілуін назарда ұстау;
— Көшелерді жарықтандыру және абаттандыру жұмыстарын қолдау;
— Балалар ойын алаңдары мен қоғамдық демалыс орындарының жағдайын жақсартуға атсалысу.

2. Ауыл шаруашылығын қолдау

— Мал шаруашылығын дамытуға және ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдауға ықпал ету;
— Ветеринариялық қызмет сапасын арттыру, мал ауруларының алдын алу шараларын күшейту мәселесін көтеру;
— Шаруаларға мемлекеттік қолдау мен жеңілдетілген бағдарламалар туралы ақпараттың қолжетімді болуына атсалысу;
— Жайылымдық жерлер мен мал суаратын орындардың мәселесін шешуге ықпал ету.

3. Жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамыту

— Ауыл тұрғындары үшін жаңа жұмыс орындарының ашылуын қолдау;
— Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға жағдай жасау мәселелерін көтеру;
— Жастардың кәсіп бастауына және өз ісін дамытуына мүмкіндік беретін бағдарламаларды насихаттау;
— Жергілікті өнім өндірушілердің әлеуетін арттыруға ықпал ету.

4. Әлеуметтік саланы дамыту

— Білім беру және денсаулық сақтау мекемелерінің материалдық-техникалық жағдайын жақсарту мәселесін назарда ұстау;
— Әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға, көпбалалы аналарға және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолдау көрсетілуіне ықпал ету;
— Ауылдық жерлердегі медициналық қызметтің қолжетімділігін арттыру мәселесін көтеру;
— Мәдениет және спорт нысандарының дамуына қолдау көрсету.

5. Жастар мен отбасылық құндылықтар

— Жастардың сапалы білім алып, тұрақты жұмысқа орналасуына мүмкіндік жасауға атсалысу;
— Жастардың спортпен, өнермен және қоғамдық жұмыстармен айналысуына қолайлы жағдай қалыптастыру;
— Отбасылық құндылықтарды нығайтуға, ұлттық тәрбие мен салт-дәстүрді дәріптеуге қолдау білдіру;
— Жас отбасыларды қолдау мәселелерін көтеру.

6. Экология және тазалық

— Ауылдардың санитарлық тазалығын сақтау жұмыстарын жүйелеуге ықпал ету;
— Көгалдандыру және ағаш отырғызу шараларын қолдау;
— Қоқыс шығару мен тұрмыстық қалдықтарды реттеу мәселелерін назарда ұстау;
— Қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыруға атсалысу.

7. Ауылдық туризм мен тарихи-мәдени мұраны дамыту

• Ауданның тарихи орындары мен киелі нысандарын сақтауға және кеңінен насихаттауға ықпал ету;
• Ауылдық туризмді дамытуға бағытталған жаңа бастамалар мен жобаларды қолдау;
• Жергілікті қолөнершілер мен ұлттық бұйым өндірушілердің еңбегін дәріптеуге жағдай жасау;

Қадірлі жерлестер!

Тұрғындардың талап-тілегін тыңдап, көтерілген мәселелердің шешілуіне ықпал ету – басты ұстанымым. Әрбір ауылдың мәселесі назардан тыс қалмауы керек. Халықпен тұрақты байланыс орнатып, айтылған ұсыныстар мен өтініштердің тиісті орындарға жеткізілуіне және олардың орындалуына бақылау жасауға күш саламын.
Бірлігіміз бекем, мақсатымыз ортақ болса, туған жеріміздің дамуына бірге үлес қоса аламыз.
Халықпен бірге – жарқын болашаққа!

Тапсырыс беруші: №5 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша
Талас аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Несипбеков Н.М.
Кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын
шығыстары есебінен төленді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.