Жастарға тың мүмкіндік! — "Munaranews"
A place where you need to follow for what happening in world cup

Жастарға тың мүмкіндік!

25

№5 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша
Жамбыл облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат
Ақберді Айдын Бақытқызы

Өмірбаяным

Құрметті сайлаушылар!

Мен, Ақберді Айдын Бақытқызы, 1993 жылдың 22 мамырында Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданының Задарья ауылында дүниеге келдім.
Білімім – жоғары. 2014 жылы Тараз мемлекеттік педагогикалық институтын «География пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша тәмамдадым. 2018 жылы Шымкент қаласындағы (Түркістан облысы) Өңірлік әлеуметтік-инновациялық университетін «Тарих пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша аяқтадым.
Еңбек жолымды 2016 жылы бастап, 2024 жылға дейін Тараз қаласындағы №25 орта мектепте тарих және география пәндерінің мұғалімі болып жұмыс істедім. 2024 жылдан бастап №64 орта мектепте тарих және география пәндерінен сабақ беремін.
2025 жылдан бері аталған мектепте директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келемін. Сонымен қатар «Мектеп қызметін цифрлық трансформациялау жағдайында білім сапасын басқарудың педагогикалық шарттары» эксперименттік жобасына жетекшілік етемін.
Әріптестерім мені білім беру саласында педагогикалық және әкімшілік қызметте тәжірибе жинақтаған білікті ұстаз әрі ұйымдастырушы ретінде біледі. Кәсіби қызметімде білім сапасын арттыруға, оқу үдерісін жетілдіруге және білім беру қыз- метін басқаруда заманауи тәсілдерді енгізуге басымдық беремін.
Әкімшілік қызметім аясында оқу үдерісін ұйымдастыру мен оның сапасын қамтамасыз ету мәселелерін үйлестіріп, педагогтарға әдістемелік қолдау көрсетемін. Білім беру нәтижелерін талдауға және мектепішілік білім сапасын басқару жүйесін жетілдіруге қатысамын.
«Мектеп қызметін цифрлық трансформациялау жағдайында білім сапасын басқарудың педагогикалық шарттары» эксперименттік жобасының жетекшісі ретінде білім сапасын басқару тетіктерін жетілдіруге, заманауи цифр- лық құралдарды енгізуге және оқу үдерісінің тиімділігін арттыруға бағытталған жұмыстарды жүзеге асырамын.
Мектептің және қаланың қоғамдық өміріне белсене араласып, білім беру, мәдени және әлеуметтік маңызы бар шараларға қатысамын. Бастамашылдықты және өзекті мәселелерді талқылауға белсенді атсалысуды дұрыс деп есептеймін. Өз ұстанымымды ашық әрі дәлелді жеткізіп, сындарлы диалог құруға, өзге пікірлерді тыңдауға және әріптес- терімен, оқушылармен, қоғам өкілдерімен тиімді қарым-қатынас орнатуға қабілетімді шыңдап келемін.

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен елімізде барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауы өтетіні баршаңызға мәлім. Бұл саяси науқанның маңызы өте зор. Өйткені осы арқылы еліміздің алдағы бағыт-бағдары айқындалмақ.
Бүгінгі үміткерлердің басты мақсаты – сайлаушылардың сенімін ақтап, сара жолды жалғастыру. Сондықтан олардың барлығы осы бағытта жұмыс жүргізеді. Киелі Әулиеата өңіріндегі түйт- кілді мәселелердің түйіні осы халық қалаулыларының арқасында тарқап келеді. Әлі де аймағымызда шешімін күткен мәселелер аз емес. Сондықтан жауапкершілік жүгін артып, сенімнің үдесінен шығу кімге болса да айтарлықтай сын болары белгілі. Осы орайда мен де Жамбыл облыстық мәслихатының депутаттығына өз үміткерлігімді ұсындым.
Егер мен халықтың қолдауына ие болып, депутат болсам:
– «Әділет» партиясының сайлауалды бағдарламасында көрсетілген міндеттерді орындаймын;
– №5 округ тұрғындарының арыз-шағымдары мен ұсыныс-тілектеріне назар аударамын;
– «Кітап оқитын ұлт» ұлттық жобасының идеяларын қолдай отырып, мектепте оқушылардың кітап оқуға қызығушылығын арттыруға, кітапты насихаттауға және тұрақты оқу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған жеке бастамалар ұйымдастыру;
– №5 округ тұрғындарының жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін жер телімдерін алу кезегінде тұрғандарға көмектесемін;
– Тұрғын үй, инженерлік желілердің тозуы, газ тарту мәселелерін көтеремін;
– Өз округімдегі тұрғындардың денсаулығын нығайту мақсатындағы профилактикалық іс-шараларды күшейтуге күш саламын;
– Әлеуметтік жағынан аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың әлеу- меттік қызметтерге қолжетімділігін арттыруға ықпал етемін.

Қадірменді сайлаушылар!

Жоғарыда айтқанымдай, Жамбыл облысында әлі де өзекті мәселелер баршылық. Ал олардың барлығы мәслихат мінберінде көтерілуге тиіс. Сондықтан баршаңызды 2026 жылғы 29 қараша күні өз сайлау учаскеңізге келіп, лайықты үміткерді таңдауға шақырамын!

Тапсырыс беруші: №5 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша
Жамбыл облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Ақберді А.Б.
Кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын
шығыстары есебінен төленді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.