Бауыржан Момышұлы туралы деректі фильм көрсетілді - "Munaranews"
A place where you need to follow for what happening in world cup

Бауыржан Момышұлы туралы деректі фильм көрсетілді

7

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №67 мекемесінде сотталған азаматтарға тарихи-танымдық тәрбие беру мақсатында қазақтың даңқты қолбасшысы, Халық Қаһарманы Бауыржан Момышұлы туралы деректі фильм көрсетілді.
Көрсетілім барысында қатысушылар батырдың өмір жолы, елге сіңірген еңбегі, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерлігі мен қайсар мінезі туралы мол ақпарат алды. Деректі фильмде Бауыржан Момышұлының отансүйгіштік қасиеті, тәртіп пен жауапкершілікке негізделген ұстанымдары кеңінен баяндалды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – сотталған азаматтардың тарихи санасын қалыптастыру, патриоттық рухын көтеру және ұлттық құндылықтарды насихаттау болып табылады.
Фильм көрсетілімі соңында мекеме қызметкерлері қатысушылармен пікір алмасып, батыр тұлғаның өнегелі өмірі жастарға әрдайым үлгі екенін атап өтті. Сотталған азаматтар деректі фильмнен ерекше әсер алғандарын жеткізіп, мұндай тағылымдық шаралардың маңызы зор екенін айтты.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.