Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №67 мекемесінде кәмелеттік жасқа толмағандармен «Побег за счастьем» көркем фильмі көрсетілді.
Іс-шараның мақсаты – кәмелетке толмағандардың өмірге деген көзқарасын қалыптастыру, адамгершілік қасиеттерін дамыту, сондай-ақ өмірлік құндылықтар мен дұрыс таңдау жасаудың маңыздылығын түсіндіру.
Фильм барысында қатысушыларға қиын жағдайдан шығу, үміт пен табандылық, сондай-ақ өмірде дұрыс шешім қабылдаудың рөлі көрсетілді. Көрсетілім барысында кейіпкерлердің тағдыры арқылы өмірлік сабақ алуға бағыт берілді.
Кәмелетке толмағандар фильмді қызығушылықпен тамашалап, өз ойларымен бөлісті.
Нәтижесі:
Іс-шара барысында кәмелетке толмағандардың өмірлік құндылықтарға деген көзқарастары қалыптасып, оң ой-пікірлер мен мотивация алуға ықпал етті.