Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №67 мекемесінде сотталған азаматтарға патриоттық және рухани-адамгершілік тәрбие беру мақсатында «Песнь о Маншук» көркем фильмі көрсетілді.
Кинотуынды қазақтың батыр қызы, Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың ерлігі мен Отанға деген адалдығын дәріптейді. Фильм барысында көрермендер батыр қыздың қайсарлығы мен ел үшін жасаған жанқиярлық ерлігі туралы кеңінен мағлұмат алды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – сотталғандардың бойында отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру, тарихи тұлғалардың ерлігін насихаттау және рухани құндылықтарды дәріптеу болып табылады.
Көрсетілім соңында мекеме қызметкерлері фильмнің тәрбиелік маңызына тоқталып, қатысушылармен пікір алмасу жүргізді. Сотталған азаматтар кинотуындыдан ерекше әсер алғандарын айтып, тарихи фильмдердің тағылымдық мәні жоғары екенін жеткізді.
Sign in
Sign in
Recover your password.
A password will be e-mailed to you.
Алдыңғы жаңалық
Келесі жаңалық