Кәсіби қызметтік даярлық сабақтары өткізілді - "Munaranews"
A place where you need to follow for what happening in world cup

Кәсіби қызметтік даярлық сабақтары өткізілді

29

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД №67 мекемесінде қызметкерлердің кәсіби дайындық деңгейін арттыру мақсатында ПМ (Макаров тапаншасы) бойынша кәсіби қызметтік даярлық сабақтары өткізілді.

Аталған сабақтардың мақсаты – қызметкерлердің табельдік қарумен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру, қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау және қаруды қолдану кезінде заңдылық талаптарын толық меңгерту болып табылады.

Сабақ барысында қызметкерлерге ПМ Макаров тапаншасының құрылымы мен техникалық сипаттамалары, оны дұрыс пайдалану, сақтау және қауіпсіз ұстау ережелері түсіндірілді. Сонымен қатар, қаруды бөлшектеу және жинақтау тәртібі, нысанаға дәл ату дағдылары тәжірибелік түрде пысықталды.

Оқу-жаттығу кезінде ерекше назар қауіпсіздік техникасына аударылып, әрбір қызметкердің қарумен жұмыс істеу барысында жауапкершілігі күшейтілді.

Өткізілген кәсіби қызметтік даярлық сабақтары қызметкерлердің қарумен жұмыс істеу деңгейін арттырып, қызметтік міндеттерді орындау барысында сенімділік пен жауапкершілікті нығайтуға оң әсерін тигізді.

Алдағы уақытта да осы бағыттағы оқу сабақтары тұрақты түрде жалғасын табады.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.