Демалыс күніне арналған жоспарға сәйкес №67 мекемесінде кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдермен тәрбиелік бағыттағы мәдени іс-шара ұйымдастырылып, 2006 жылы жарық көрген “Бақытқа ұмтылу” атты көркем фильмі көрсетілді. Аталған фильм өмірдегі қиындықтарға қарамастан алға ұмтылу, еңбекқорлық, төзімділік пен адам бойындағы сенімнің маңыздылығын насихаттайды. Фильм желісі арқылы жасөспірімдерге өмірлік мақсат қою, қиын сәттерде мойымау және адал еңбек арқылы жетістікке жету секілді құндылықтар түсіндірілді. Көрсетілім барысында жасөспірімдер фильмді қызығушылықпен тамашалап, тәрбиелік мәні жоғары туындыдан оң әсер алды. Сонымен қатар фильм соңында қатысушылармен қысқаша пікір алмасу жүргізіліп, өмірлік құндылықтар мен адамгершілік қасиеттер туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты — жасөспірімдердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру, рухани-адамгершілік тәрбиесін қалыптастыру және оң көзқарасты дамыту болып табылады.
Sign in
Sign in
Recover your password.
A password will be e-mailed to you.
Алдыңғы жаңалық