A place where you need to follow for what happening in world cup

Су жүйелерін аралап, кем-кетігін көрді

264

Сарысу ауданының әкімі Қанатбек Мәдібек бейсенбі күні аудандағы су жүйелерін аралап шықты. Аралау барысында барлық су жүйелерінің кем-кетігін көзбен көріп, алдағы жоспарларды нақтылай түскен  аудан басшысының биыл ауа райының тұрақсыздығы мен қардың аз жаууына байланысты су аз, латоктардың бұзылуы мен ескіруіне қатысты, су жиналған арналарға уақытылы тазалық жұмыстары жүргізілмегендіктен су шығыны  болуы мүмкін деген тұжырым жасады.

Сарысу ауданы бойынша екі су қоймасы, он алты ішкі су жүретін канал, сегіз бөгет және аудан жер көлемінен алты өзен ағып өтетін  су жүйелері бар.

Ынталы су қоймасы 1975 жылы пайдалануға берілген. Су сыйымдылығы 30,0 млн. м3. Қазіргі таңда су қоймада 14 млн. м3 су қоры бар. Қоймаға 12 мқұйылуда.

Төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында қоймаға кезекшілік кестесі құрылып, мекеме қызметкерлерінің бақылауында.

Алайда қоймада су көлемі 40 пайыз су болғандықтан аса қауіп жоқ.

2006 жылы  су қоймаға 56 млн. теңгеге «Бином»ЖШС-гі ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізді. Атап айтқанда  Ынталы су қоймасының дамбысына, су шығарларына, Шабақты өзеніндегі су реттейтін бас су реттегіш құрылымына және су қоймасына су кіргізетін каналдың бас жағына үш қақпақты су реттегіш құрылымы соғылды. Су қоймасына қайта жарықтандыру жұмыстарына жалпы құны 584 млн. теңге қаржыға жобалық сметалық құжаты дайын.

Осы бөлінген қаржыға су қоймасын және Шабақты өзенінің  бас су реттегіш құрылымдарына дейін электр жүйесін жүргізіп маңайын жарықтандыру, ашып жабатын қондырғыларын автоматтандыру қаралған.

Алайда бұл жоба бүгінгі таңда жүзеге аспай отыр. Су қойманың дамбысы. Дамбының ұзындығы 4118 м. Биіктігі 10 м, ені 6 м. суглинг топырағымен тұрғызылған. Бет жақтаулары плита блогтары мен бекітілген. Үстінен бутовой тастармен қапталған, осы тастармен қапталған кейбір жерлері қайтадан ашылып жатыр бутовой тастармен жабу жұмыстарын жүргізу жұмыстары аудан әкімдігінің штаб отырысында айтылып, жоспарлануда.

Ал Бүркітті су қоймасына келер болсақ, 1975 жылы пайдалануға берілген. Су сыйымдылығы 8,3 млн. м3. Қазіргі таңда су қоймада 2,4 млн. м3 су қоры бар. Түсіп жатқан су көлемі-350 л/с. Жоспарлы 8,3 млн. м3 су қорын жинау үшін дамбысын көтеру, су құбырларын ашып-жабатын қондырғыларын ауыстыру қажет.

Ағымдағы жылы ауа райының қолайсыздығына және жауын шашынның аз түсуіне, Бүркітті өзені арқылы су қоймасына келетін су көлемі өткен жылдармен салыстырғанда өте аз болғандықтан су қоймасына қажетті мөлшерде су көлемін жинай алмау қаупі бар.

Аудан бойынша жалпы суармалы жер көлемі бес мың гектардан астам. Шабақты және Бүркітті өзендері аудандағы су көздерінің негізі болып табылады.

Айта кетерлігі, өңірде су көздерінің саны көп болғанымен, оның сапа мәселесі де назар аударарлық.

Ішкі каналдарға тоқталып өтсек жоғарыда айтылғандай он алты каналдың барлығы тозығы жеткен, күрделі жөндеу қажет. «Қазсушар» РМК Жамбыл филиалының теңгерімінен төрт каналды аудан меншігіне өткізіп, жөндеу жұмыстарын жүргізу жобасы қолға алынып, жобалық сметалық құжаты жасалуда.

Ынталы су қоймасы арқылы су босататын канал-Жаңа Кәрітоған каналымен үш ауылдық округке қарасты ауылшаруашылық тауарларын өндірушілері егістік алқаптарын сумен қамтамасыз етеді. Байқадам, Игілік және Жаңаталап ауылдық округтері. Каналға  1975 жылдан бері жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Лотоктар айнып,қисайған жақтаулары сынып, мүжілген. Каналдың су өткізу қабілеті-3м3/с.

Бұл канал арқылы ағымдағы жылы 2,8 м3/с су жіберіліп отырды.Соның салдарынан шаруалардың су пайдалану мүмкіндігі төмендеді, су тапшылығынан егіс егу көлемі азаю қауіпі бар.

Осы канал арқылы су пайдаланушыларға жеткілікті мөлшерде су беру үшін каналдың су өткізу қабілетін-5м3/с жеткізу бүгінгі күннің ең өзекті мәселесі болып отыр.

Сол себепті аудан екі бөлімінен тұратын жөндеу жұмыстарын жүргізуді жоспарланып, жобалық сметалық құжаты жасалуда.

  1. Жаңа Кәрітоған арқылы Сарыөзек жер каналы. Су өткізу қабілеті-1м3/с. Каналдың басынан 600 л/с су салынса, су пайдаланушыларға дейін 200 л/с су жетеді. Каналды калың қамыс, табиғи шөп басқандықтан 400л/с су шығыны болады. Оны жою мақсатында каналды бетондау жұмыстары жүргізіледі.

Қазіргі уақытта  шаруа қожалық-тардың  егістік жерлеріне  баратын су каналдары тозығы жетуіне байланыс-ты  осы каналдарға жіберілген судың шығын көлемі көбеюде. Канал су құмға сіңіп,  шығын көлемін ұлғайтып отыр.  Сондықтан «ҚазСуШар» республикалық мемлекеттік мекемесіне ұсыныс беріледі. Мекеме  жоспарында  бар. Жобалық сметалық құжаты дайын.

  1. Бүркітті су қоймасы арқылы су босататын канал-Бүркітті лоток каналы су өткізу қабілеті-1м3/с. Лоток отырған, жалған жерлері ашылған. Күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп, лотоктар толығымен ауыстырылады.

Бүркітті су қоймасының жағалауын бекітіп, жаңадан бетондау керек. Сонымен қатар ұзындығы 1548 метр болатын каналдың лотогын ауыстыру мәселесі де басты орында. Жобалық сметалық құжаты дайын.

  1. Күлтөбе каналы су өткізу қабілеті-0,5м3/с. Каналдың ішкі жағына талдар өскен, шөп басқан топырақпен кейбір жерлері көміліп қалған.

Қазіргі таңда каналға механикалық тазалау жұмыстары жүргізіліп сенбілік жасау жоспарлануда.

Сондықтан да  су шығынын қолдан келгенше болдырмау керек  деген аудан басшысы қандайда бір төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында ауданда  жөнделмеген бірде-бір канал қалмауы тиіс екендігін алға тартады.

Мұратқали Сәрсенов басшылық ететін «Қаратау» тау-кен өңдеу кешені мұнан бұрын да ауданның өсіп-өркендеуі жолында көптеген демеушілік көрсетіп келеді. «Бүркітті» су қоймасының жағалауының топырақты жерлері кеткен, соны бекіту үшін «Қаратау» тау-кен өңдеу кешенінің техникалары жұмылдырылып, үлкен көмек көрсетуде.

Аудан басшысының аралау барысында Түркістан ауылдық округіне қарасты Арыстанды елді мекеніне 2 шақырым қашықтықта «Қаратас» ауылындағы 1 метр куб сыйымдылығы бар су бассейнін  жөндеу арқылы 200 гектар жерге егіс егу мәселесі де назардан тыс қалмады.

Онда «Қызылжар» шаруа қожалығының төрағасы Шахар Биғалиевтың иелігінде «Қаратас» тоғанының бұзылған орны бар.

«Қаратас» тоғаны бұрынғы Кеңестер Одағы кезінде тұрғызылып, 1990 жылдары «Қызылжар» шаруа қожалығы бақша, көкөніс дақылдарын егіп, пайдаланған. Кейіннен су мол жылы тоған бұзылып кеткен. Су қоймасының сыйымдылығы 1 млн. куб, 1,5 км лоток канал жүргізілген. Су жүйесі артық шығынсыз егістік алқапқа дейін өз ағысымен ағып барады. Тоған қалпына келтірілсе, 100 гектар жер толығымен суғарылады. Заманауи тамшылатып суғару әдісін қолданса, 200 гектар жерді суландырып, бау-бақша, көкөніс дақылдарын егіп, көптеп жұмыс орындарын ашуға болады.

Егер аймақтағы суармалы егістікті толық әрі тиімді пайдалансақ, мол өнім алумен қатар, шаш-етектен пайдаға кенелуге болады деген аудан басшысы жыл басында халық алдында берген есебінде де осы мәселеге айрықша тоқталған болатын.

«Қаратас» ауылындағы су бассейні жеке меншік жолмен 49 жылға жалға алған. Қазіргі таңда бассейннің құжаттары рәсімделуде, құжаттар дайын болған соң мемлекеттік меншікке өткізіп, жобалық сметалық құжаттары жасалады.  «Жамбыл су қоймасы» КММ беріп, құрылыс жұмыстарын 2021 жылы облыстық бюджеттен қаражат бөлуге сұраныс жасалады.

Тоғанды «Қызылжар» шаруа қожалығының төрағасы Биғалиев Шахар Мемлекеттің теңгеріміне беріп отыр. Тоған жөнделсе, суланған алқапқа қарқынды алма бағын егуге, балық өсіруге деген жоспарлары бар.

Арыстанды ауылының аумағы қарт Қаратау тауларының күнгей жақ бетінде орналасқандықтан, Әшір Бүркітбаев, Үшбас ауылдарына қарағанда климаты жылы, Көктем 15 – 20 күн ерте шығады, оңтүстік Түркістан облысының ауа-райымен сәйкес келеді.

Әшір Бүркітбаев ауылы мен Арыс-танды ауылының ортасын Жон Жотасы бөліп жатыр. Екі ауылда екі түрлі ауа-райы қалыптасқан. Бұл келтіріліп отырған деректер, бау-бақша, көкөністер егілсе, ауа-райының септігі тиетінін де ескере кетуіміз керек.

Арыстанды ауылының тұрғыны, ауылдық ардагерлер кеңесінің, ауылдық округтік бөлек жергілікті қоғамдастық мүшесі Ахметов Вали қария, Қаратас қонысының тұрғыны, жеке кәсіпкер Жайлаубаев Мақсат осы Қаратас тоғаны қалпына келтірілсе, Арыстанды ауылынан қаншама жұмыссыз адамды жұмыспен қамтуға болар еді деп өз пікірлерін білдірді.

Дариха Үмбетиярова

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.