Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне (ҚАЖД) қарасты №67 мекемесінде төтенше жағдайлардың алдын алу және қорғану мақсатында “Қамал” оқу-жаттығуы ұйымдастырылды.
Жаттығудың негізгі мақсаты:
•Төтенше жағдайларға жедел әрекет ету дағдыларын жетілдіру;
•Қауіп-қатердің алдын алу және жою бойынша қызметкерлердің дайындығын пысықтау;
•Жеке құрамның физикалық және жауынгерлік қабілетін арттыру;
•Қызметкерлердің өзара үйлесімді әрекетін ұйымдастыру.
Жаттығу барысы:
Мекеменің жеке құрамы дабыл белгісімен көтеріліп, оқу-жаттығуға 71 қызметкер қатысты. Олардың арасында мекеме басшылығы және жеке құрам қызметкерлері болды. Жаттығу барысында шынайы ұрыс жағдайына барынша жақын сценарий қолданылды. Бұл мекеме аумағында ықтимал төтенше жағдайлар кезінде жедел әрекет ету жүйесін жетілдіруге мүмкіндік берді.
Осындай оқу-жаттығулар ҚАЖ мекемелерінде қауіпсіздік деңгейін арттырумен қатар, қызметкерлердің психологиялық және физикалық дайындығын нығайтуға септігін тигізеді. Мұндай шаралар алдағы уақытта да тұрақты түрде ұйымдастырылатын болады.

Б.Шәріпбай,
Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД
№67 мекеме бастығының тергеу изоляторы бастығының
кезекші көмекшісі, әділет капитаны