Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің «№67 мекеме» республикалық мемлекеттік мекемесінің АКАТЖжӘП бөлімше психологтарымен ұйымдастырылған өз-өзіне қол жұмсаудың алдын-алу, күйзеліс сезімдерінен арылу мақсатында, арнайы контингент арасында тұлғаның жеке психикалық мінез-құлықтарын ерекшеліктерін зерттеу, сонымен қатар төтенше жағдайлардың, яғни жанжал шығаруға, өзіне-өзі қол жұмсауға бейімділігін анықтау, келеңсіз жағдайларды болдырмаудың алдын-алу мақсатында ағымдағы жылдың 15
қаңтарында мекеме қызметкерлері нұскаулықпен таныстырылып жеткізілді. Түзеу мекемесінде ұсталатын тұлғалармен жүргізілетін алдын-алу қызметінің негізі бағыттары:
-психофизиологиялық ерекшеліктерді зерттеу;
-жеке істерді зерттеу, пікіртерімдер алу, туған-туыстарымен хат алмасу;
-сотталғандардың, сондай-ақ олардың туған-туыстарының шағымдары мен өтініштеріне дер кезінде әсер ету;
-сотталғандар арасындағы өзара қарым-қатынасты талдау;
-сотталғандар тарапынан болатын аутоагрессияның көріну ықтималдығы туралы ақпарат жинау мақсатында жедел қызметкерлермен өзара іс-қимыл;
-жеке психологиялық жұмыс;
-жеке сұрақтар бойынша басшылықпен ұдайы негізде сотталғандарды (олардың туған-туыстарын) қабылдау;
-медициналық бақылау;
-қызметтер мен түзеу мекемелері арасындағы өзара әрекеттестікті айқын ұйымдастыру.
Сотталғандар тарапынан құқық бұзушылық жасау фактілерін болдырмауға бағытталған, сондай-ақ өзіне-өзі зиян келтіруге, өзіне-өзі дене жарақатын салуға және басқа да ұйымдастырушылық емес факторларға бейімділіктерді анықтау мақсатында арнайы контингент арасында суицидтің алдын-алу жөніндегі профилактикалық іс- шаралар кешені тұрақты негізде жүргізіледі.
№67 мекемесінің
инспектор-психолог
әділет аға лейтенанты
А.Е.Аташева