Жамбыл облысы бойынша КАЖД Nº67 мекемесінде арнайы контингент арасындағы тәрбие жұмысы жөніндегі бөлімшесінің инспекторы әділет лейтенанты А.Г.Кусемисовтың ұйымдастыруымен шаруашылық жасағына қалдырылған сотталғандар арасында жоспарға сәкес «16 желтоқсан — Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні»
карсаңында мекемеде жазаларын өтеп жаткан сотталғандардың арасында мәдени, спорттық іс-шаралар өткізілді.
Мәдени іс-шара аяқталган соң, келесі күндері, яғни желтоқсан айының 15,16,17 күндері сағат 10:00-11:30 аралығында спорттық іс-шаралар, атап айтқанда үстел теннисі, дойбы ойындарынан жарыс, қол күрес, арқан тарту, турник, брусьядан
сотталғандардың арасында жарыстар өткізіліп, жеңімпаздар анықталды.
Аталған күндерінің екінші бөліктерінде, яғни сағат 13:30 — 17:00 аралығында сотталғандарға мәдени іс-шара — теледидар көру ұйымдастырылды. Теледидар көру бөлмесінде жиналған соталғандар жоспарға сәйкес күндерде «Қазақ хандығы», «Елбасы жолы», «Жау жүрек мың бала», «Томирис», «Орбұлақ шайқасы» атты көркем
патриоттық фильмдерді, сонымен қатар, мемлекеттік арналарда көрсетілген «16 желтоқсан — Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні» мерекелік бағдарламаларды тамашалады. Аталған іс-шара сотталғандарға оң әсер тигізгені анық болды.
«Қазақстан Республикасының
Тәуелсіздігі күні» мейрамына
байланысты спорттық, мәдени іс-шаралар өз деңгейінде өткізілді.
Sign in
Sign in
Recover your password.
A password will be e-mailed to you.
Келесі жаңалық