A place where you need to follow for what happening in world cup

“Саусақ ұшындағы әлем” облыстық макет және қолөнер байқауы өтті

441

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының ұйымдастыруымен оқырмандарға еліміздің қасиетті жерлерін, рухани мәдени, географиялық қызығушылықтарын тактильді макеттер және қолөнер бұйымдары арқылы қызығушылықтарын арттырып таныстыру, кітапхана тактилді қорын толтыру мақсатында “Саусақ ұшындағы әлем” облыстық макет және қолөнер байқауын өткізді. 32 қатысушыдан 42 жұмыс қабылданды, оның ішінде 20 макет түрі болса, 22 қолөнер бұйымдары болды. Байқаудың әділқазылары Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының тифлология бөлімінің кітапханашысы Бегимов Ербол Аққайұлы, Қазақ соқырлар қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облысындағы филиалының қызметкері Оспанова Кенжебала Тілеуханқызы және “Өшпес мұра” Жамбыл облысы қолөнершілер ассоциациясының төрайымы Абдуллаева Гүлнұр Исембайқызы сараптау нәтижесі бойынша байқау ережесіне сәйкес бірнеше қағидаларға қарай өз шешімдерін шығарды.
Нәтиже бойынша
Шарипова С. “ Үздік өңделген бұйым“, Үмсейіт Ұ “ Сәндік қолдаңбалы өнер“ номинациялары бойынша марпатталса, қолөнер бойынша:
1. III-ші дәрежелі орын (Гүл салатын құмыра) Сулейменова Аружан.
2. ⁠ II-ші дәрежелі орын (Шерхан Мұртаза бюсты) Аманкосов Қазым.
3. ⁠ I-ші дәрежелі орын (ағаш астау мен ожау) Айдаркулов Марат марапатталды.
Макет бйынша:
1. III-ші дәрежелі орын (Қарахан кесенесі) Тынысбек Алмат.
2. ⁠II-ші дәрежелі орын (Жаңа үлгідегі интерьер) Сабитқызы Камила.
3. ⁠ I-ші дәрежелі орын ( Бақытты балалық) Егізеков Жамбыл иеленді. 1,2,3 орындарға бағалы сыйлықтар (Бірінші орынға ұялы телефон, 2 орынға планшет, 3 орынға смарт сағаттар және номинация бойынша соңғы үлгідегі құлаққаптар берілді. Қалған қатысушылар Алғыс хаттармен марапатталып, аталан байқауға шеберлік сағатын өткізіп келген қонақтармен бірге бұйымдар жасап өз өнерлерін көрсеткен “Өшпес мұра” қолөнершілері де Алғас хатпен марпатталды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.