Қаратау технология, білім және бизнес колледжінде «Табиғатты қорғау және экологиялық мәдениетті арттыру» тақырыбында кездесу өткізілді.
«Таза Қазақстан» акциясы аясында өткізілген бұл кездесуде экологиялық мәдениетті арттыру және табиғатты қорғауға байланысты маңызды мәселелер талқыланды. Шараға Талас аудандық мәслихатының депутаты, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры Нұрсұлтан Манатбеков арнайы қатысып, колледж білімгерлерімен бірге табиғатты қорғау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаның ластануын азайту жөніндегі шараларды талқылады. Кездесу барысында экологиялық білім берудің маңыздылығы, табиғи ресурстарды үнемдеу, сонымен қатар жас буынды табиғатқа ұқыпты қарауға тәрбиелеу тақырыптары қарастырылды.
Жиында Нұрсұлтан Жексенбекұлы қатысушыларға өз тәжірбиесімен бөлісіп, қоршаған ортаны қорғаудағы әрбір адамның рөлі туралы сөз қозғады. Азаматтардың экологиялық мәдениетін арттыру арқылы табиғатты сақтап, болашақ ұрпаққа таза орта қалдырудың маңыздылығын атап өтті. Кездесудің мақсаты – жастар арасында экологиялық сауаттылықты нығайту және оларға табиғаттың қамқоршысы болу жолында нақты қадамдар көрсету болды.
Аталмыш шара табиғатты қорғау тақырыбында жастарды ақпараттандыру және олардың экологиялық жауапкершілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылды.