Тараз қалалық өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Абдурахман Зайнутдинов, «Қоғамдық келісім» КММ ғылыми-сараптамалық қолдау бөлімінің басшысы Ербол Каншимбеков, Дін істер басқармасының бөлім басшысы Еркебұлан Ақбай Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №67 мекемесіне келіп, сотталғандар мен тергеудегілерге «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» тақырыбында дәріс оқыды.
Сөз барысында Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысындағы сөзін талқылады.
«Адал азамат дегеніміз – жақсы қасиеттерге ие болып, адал еңбек ететін және табысқа адал жолмен жететін адам. Яғни, адалдық пен әділдікті бәрінен биік қояды. Озық ойлы ұлт болу үшін бүкіл қоғам сана-сезімін өзгертіп, жаңа құндылықтарды орнықтыруы керек. Әрбір адам «Адал азамат» деген атқа лайық болса, елімізде әділ қоғам орнайды. «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» – бір-бірінен ажырамайтын ұғымдар. Осы үш тағанды озық әрі табысты елге айналудың басты кілті деуге болады», – деді дәріс оқушылар.
Н.Кожамқұлов,
теологиялық оңалту тобының аға инспекторы,
әділет капитаны