Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Таза Қазақстан» атты республикалық экологиялық акциясының аясында, Меркі ауданынан Шығыс жақтан кіре берісінде, Ақтоған ауылында орналасқан аудандық дендропаркке сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды. Шара барысында парк аумағындағы шөптер шабылып, тазалық жұмыстары жүргізілді. Талдардың түбі қопсытылып, ақталып, суару жұмыстары жүргізілді.
– Бүгін Ақтоған аулында орналасқан аудандық дендропарк аумағына сенбілік жасалды. Бұл шараға аудан жастары, ауыл тұрғындары және қызметкерлер де белсенділікпен атсалысты. Әрине, бұл қауантарлық жағдай. Осындай туған өлкемізді таза ұстауға барлығының қолдау көрсетіп жатқаны – бұл аудан тұрғындарының елге, жерге деген сүйіспеншілігі деп білемін. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл бастаманы дер кезінде көтерді деп ойлаймын. Өйткені, бұл акция дереу жалпықазақстандық сипатта көрініс тауып, міне, көктемнен бері барлық ауылда тұрақты тұрде тазалық жұмыстары ұйымдастырылып, ауданымыздың ажары арта түсті, – дейді Ақтоған ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Олжабек Қосубаев,
Сенбілік жұмыстарына жалпы аудан және ауыл жастары, еріктілер, мекеме қызметкерлері барлығы 60 адам қатысты.
Sign in
Sign in
Recover your password.
A password will be e-mailed to you.
Алдыңғы жаңалық
Келесі жаңалық