Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД №67 мекемесінің жеке құрмы қызметкерлеріне тәрбие және кадр жұмысы қызметкерлерінің жеке құрамның жұқпалы инфекциялық аурудың алдын алу мақсатында Тараз қаласының «№5 қалалық емхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының» №58 мекемесінің медицина бөлімінің меңгерушісі Есалиева Айжан Әлібекқызын, қазіргі күннің өзекті мәселесі “Қызылша дегеніміз не және ол несімен қауіпті “ атты баяндамасын оқуға шақырылды. Жинды мекеме бастығының орынбасары ашып баяндамашыға сөз кезегін берді. Қызылша – дене қызуының 38-40° С-қа дейін көтерілуімен, жалпы уланумен, шырышты көз, мұрын жұтқыншақ, жоғарғы тыныс алу жолдарындағы қабыну құбылыстарымен, кейіннен бөртпенің пайда болуымен сипатталатын жіті инфекциялық ауру. Жалпы әлсіздік пайда болып, бас ауырып, тәбет төмендейді, ұйқы бұзылады. Қызылша кезінде кейіннен бір-біріне бірігетін, қызғылт немесе қызыл дақ түрінде бөртпелер шығады. Бірінші күні бөртпе құлақтың артына, бастың шаш бөлігіне, бетке және мойынға, кеуденің жоғары бөлігіне шығады;
Екінші күні бөртпе денеге және қолдың жоғарғы бөлігіне шығады;
Үшінші тәулікте бөртпе аяққа шығып, бетіндегісі бозарады. Инфекция көзі – науқас адам. Вирус ауа-тамшы жолы арқылы, сілемей тамшылары арқылы, түшкірген кезде, сөйлеген кезде таралады. Ауа ағымымен вирус айтарлықтай қышықтықққа таралуы мүмкін. Қызылшамен ауыратын науқас болған үй-жайдың ауасымен тыныс алған кезде қызылша жұғуы мүмкін. Егер адам қызылшамен ауырмаған болса және осы инфекцияға қарсы егілмеген болса, онда науқаспен байланыста болғаннан кейін негізінен жағдайдың 100%-да жұғу орын алады. Қызылшамен ауыратын науқас айналасындағылар үшін 7-10 күн ішінде қауіпті болып табылады. Адамдардың табиғи сезімталдығы өте жоғары, ауырып сауыққаннан кейін адамдарда өмір бойына иммунитет пайда болады. Қызылшамен қайталап сырқаттану жағдайы өте сирек кездеседі. Қызылшамен сырқаттанған кезде күрделі асқынулар пайда болуы мүмкін. Оларға өкпенің қабынуы (пневмония), орта құлақтың қабынуы (отит), кей жағдайда энцефалит (мидың қабынуы) тәрізді өте күрделі жағдайлар жатады. Аурудан сенімді қорғанудың бірден бір жолы Ұлттық егулер күнтізбесіне енгізілген қызылшаға қарсы вакцинация болып табылады — деп аяқтап, қосымша баяндама бойынша Жеке құрам өз сұрақтарын қойып жиын сонында мекеме бастығының жалпы сұрақтар боцынша орынбасары әділет майоры М.Б.Сантаев дәрігерге өзекті мәселені тиімді әрі түсынікті тұрғыда баяндағаны үшін — алғыс білдірді.
Sign in
Sign in
Recover your password.
A password will be e-mailed to you.
Алдыңғы жаңалық
Келесі жаңалық