A place where you need to follow for what happening in world cup

Ыбырай Алтынсариннің туған күніне арналған көркем шара өтті

643

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты № 67 мекемесіндегі шаруашылық жасағына қалдырылған сотталғандар арасында және кәмелет жасына толмаған жасөспірімдермен 2023 жылы қараша айында туылған Казақстанның ұлттық ағартушысы, педагог және кәсіби білім негізін қалаушы Ыбырай Алтынсариннің туылған күніне көркем кеш ұйымдастырылды. Кеш барысында тергеуде отырған кәмелет жасына толмаған және жазасын өтеушілер ұлы ағартушы, алғаш мектеп ашқан педагогтың жалпы өмір баянын, ағартушылық еңбегін, шығармашылықтары мен дерексөздерін айтып талқылап және өлеңдерін еске алып, жатка окып өзара сынға түсті. Яғни осындай көптеген қазақ ұлтының этнограф, жазушы, жыршы және ақындарымызды әрі олардың өлен, жырларын жиі еске алу мақсатында, мекемедегі сотталғандардың патриоттық сезімін арттыру және олардың бойындағы шығармашылық дарындылығын айқындауда маңызды рөл аткарады. Айта кетсек мекемедегі кітапханада өзгеде қазақтың танымал ақын-жазушылардың шығармалары, яғни көркем әдебиеттер туралы кітап қоры аз емес. Қыскаша айтканда, сотталғандар бүгінгі көркем іс-шарада коғам қайраткері ағартушы туралы көптеген мағлұматтар алып, сотталғандар мен кәмелетке толмағандардың кітап окуға деген құлшыныстары арта түсуде.

Мыркалиева Меруерт

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.