A place where you need to follow for what happening in world cup

Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің түлектерімен радикалды көз қарасты анықтау мақсатында намаз оқитын арнайы контингентпен жеке кездесулер ұйымдастырылды

327

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №67 мекемесінің Арнайы контингент арасындағы тәрбие және әлеуметтік психология жұмыстары бөлімшесінің теологиялық оңлату тобының инспекторлары әділет аға лейтенанты Омар Төрехан Нұрмаханұлы және әділет аға лейтенанты Қожамкулов Нурланның ұйымдастыруымен Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің түлектері Мурзахметов Исламбек Нурбекұлы,Сейтхази Мұстафа Айдарханұлымен мекемеде намаз оқитын арнайы контингент бойында радикалды көз қарасты анықтау мақсатында «Дәстүрлі Ислам» тақырыбында жеке сұхбат және теріс ағымдағыларға деректі фильмдер көрсетілді.Тәуелсіздік алғалы бері дәстүрлі Ислам діні тұрғысындағы сөздерді мешіттен бөлек теледидар және де басқа бұқаралық акпарат құралдарынан жиі еститін болдық.Бұл кешегі қыспақтан шыққан дінімізге деген тәуелділіктің жаңаша көзқарасы екендігіне дау жоқ.Ал осы <<дәстүрлі>>деген сөздің астарында қаншалықты мән- мағына жатқанын көпшілік біле бермейді.Бұлай нақтылай сөйлеуіміздің сыры неде?!Бұған нақты себеп,соңғы кездері әлемде болып жатқан жан түршігерлік жағдайлардың орын алуы болып отыр.Шын мәнінде келгенде, экстремизм мен лаңкестік әрекеттерді белгілі бір ұлтпен немесе дінмен байланыстыруға болмайды.Себебі, экстремизм, лаңкестік әрекеттер Ислам дініне ғана емес,әлемдегі кез келген дәстүрлі діндердің ешбіріне қатысы жоқ,жат іс-әрекет болып табылады.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.