A place where you need to follow for what happening in world cup

Мемлекеттің қуаты – оның қызметшілерінде!

234

Қылыш Аңламасұлы Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті №67 мекемесінің кадр саясаты бөлімшесінің кәсіби қызметтік және дене шынықтыру даярлығы бойынша аға инспекторы. 1994 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген, 2019 жылдан бері құқық қорғау саласында қызмет етіп келеді. Әділет аға лейтенанты шеніне ие Қылыш Аңламасұлы «Құқық қорғау саласында қызмет етуді бала кезімнен армандадым. Құқық қорғау органдарының қызметкерлерін көріп, сол кісілердің қатарында болғанды армандайтынмын. Қылмыспен күресіп, қоғамның тыныштығын қамтамассыз еткім келетін», – дейді.
әділет полковнигі Сауранбаев Бауыржан Абуұлы басшылық ететін Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД №67 тергеу изоляторы мекемесі бүгінде құқық қорғау саласында қарқынды қызмет етіп келеді. Мекеме басшысы Бауыржан Абуұлы әлеуметтік желілерде мекеменің негізгі қызмет бабы мен атқарған жұмыстарын, жетістіктерін қоғамға жүйелі жеткізіп отырады.
Қылыш Аңламасұлы кадр қызметкері ретінде күн сайын жеке құраммен және ведомствалық органдармен сонымен қатар әскери бөліністермен білім беру ұйымдарымен, БАҚ өкілдерімен тығыз байланыс жасайды.
Жұмыстағы басты ұстаным – кішіпейілдік! Жұмыс күні басталмай тұрып, күнделікті таңғы тексеріс өткізіп, әріптестерімен әр күннің жоспарын құрып, тәлімгері әділет подполковнигі Д. Рысбековтаң нұсқама алып жеке құрам назарына Республикамызда болған оқиғаларды шолуларды жеткізіп іске кіріседі.
«Кадр қызметкері ретінде жеке құраммен байланысым өте тығыз. Өзіме бекітілген жеке құрамның кәсіби білім денгейін арттыру сабақтарын, дене шынықтыру бойынша сабақтар, турнирлер ұйымдастырамын сонымен қатар, әлеуметтік — тұрмыстық жағдайын тексеріп, жас қызметкерлердің патриоттық сезімін арттыру мақсатында музей, театр қойылымдарын тамашалаймыз және ардагерлермен сұхбаттасу бойынша міндетімді орындаймын», – дейді ол.
Қылыш Аңламасұлы күнделікті қызмет атқару барысында түрлі жайттар болатынын, сондықтан кез келген жағдайға дайын болып, жауапкершілікті терең сезіну керектігін айтты.
Қылыш Аңламасұлы 3 баланың әкесі, жуырда 4 нәрестесін күтуде. «Қызметте түрлі қиыншылықтар болады. Күн тәртібіміз де қауыр алайда әрқашан қолдау көрестіп отбасымның түтінін түтетіп отырған келіншегім — Аидаға алғысы шексіз екенін айта кетті.
Қызметіне адалдығы, жұмыс барысында міндетін жетік орындап, қоғам алдында тынбай еңбектеніп жүрген қызметкер Қылыш Аңламасұлы «ҚР Полициясына — 30 жыл»медалімен, Республика күніне арналған алғыс хатпен т.б марапатталған.
Отан алдында абыроймен қызмет етуді ең басты парызы санайтын Қылыш Аңламасұлы Мемлекеттік қызмет – ҚР Президентімен белгіленген Республикамыздың қалыптасу мен дамуындағы стратегиялық бағыттарды жүзеге асыруының базалық негізі -деді. Сөз сонында “Отанын сүйген адам ғана ел мүддесін бәрінен биік қоятыны баршамызға белгілі” — деп аяқтады.

Әділет капитаны А.Ерубаева

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.