A place where you need to follow for what happening in world cup

Қоғамдық қабылдау: Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қордаланған өзекті мәселелері қаралды

79

«AMANAT» партиясы облыстық филиалы мен «Қазақстан саңыраулар қоғамы» қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының ұйымдастыруымен өткен тақырыптық қабылдау өтті. Бұл шарада облыстағы құлағы естімейтін азаматтардың проблемалары жан-жақты қаралды.

Шараға арнайы өтініш иелерінің сұранысы бойынша Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің облыс бойынша департаменті, облыс әкімдігінің басқармалары, Тараз қаласы әкімдігінің бөлімдері мен Тараз сервис және технология колледжінің өкілдері қатысты.

Жиында «Қазақстан саңыраулар қоғамы» қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының қызметкері Алина Сембекова бірқатар мәселелердің шетін шығарып, шешу жолдарын сұрады. Расында, құлағы естімейтін азаматтармен жұмыс жасау оңай емес. Сондықтан Алина Сембекова қоғамдық бірлестікке мемлекет тарапынан қызметкерлер саны көбейтілсе деген ұсынысын жеткізді. Өз кезегінде, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Еңбек мобильділігі орталығының басшысы Серік Әлібеков бірлестік тарапынан қараша айына дейін сұраныс берілсе, мамандар қарастырылатынын баса айтты.

Сондай-ақ, жиында аталған санатқа кіретін азаматтарды Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы 3 айлық оқу курстарынан өту мәселесі көтерілді. Әрине, олардың оқудан өтуге ешқандай кедергі жоқ. Дегенмен сурдоаудармашы мамандардың жоқтығы қолбайлау. Сол себепті «Қазақстан саңыраулар қоғамы» қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының өкілдерді өңірде сурдоаудармашыларды көбейту қажеттігін атап өтті.

Тағы бір өзекті мәселе, құлағы нашар еститін азаматтардың тұрақты жұмыспен қамтылмай қалуы. Аталған мәселе бойынша облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы алдағы уақытта нақты адрестік жұмыстар жүргізетін болады. Бұдан өзге, осы санаттағы азаматтарға арналған психологиялық және сауықтыру орталықтарының жоқтығы.

Өкініштісі, құлағы естімейтін азаматтардың арасында жат ағымның арнасына түсіп, адасқандар көп екен. Сондықтан «Қазақстан саңыраулар қоғамы» қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының өкілі Дін істері бақсармасымен бірлесіп жұмыс жүргізуді сұрады. Бұл бағытта болашақта арнайы сурдоаудармашылармен бірлесіп арнайы бейнероликтер түсіріліп, нақты жұмыстар жүргізіледі.

Тағы бір айта кетерлігі, «Қазақстан саңыраулар қоғамы» қоғамдық бірлестігі облыстық филиалы ғимаратының сын көтермейтіндігі. Партия облыстық филиалы тарапынан алдағы күндері қоғамдық бірлестік орналасқан нысанға зерделеу жұмыстарын жүргізіп, нақты шешімдер қабылданады.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.