Жамбыл облысының Полиция департаменті сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы ашық күрес жүргізуде. Облыстық ПД Өзіндік қауіпсіздік басқармасымен полиция қатарында сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне жол бермеу, сондай-ақ полиция қызметкерлеріне пара беру деректерінің жолын кесу бойынша мақсатқа бағытталған жұмыстар жүргізілуде.
Пара алу және беру, сондай-ақ парақорлық бойынша делдалдық жасағаны үшін де қылмыстық жауаптылық көзделетінін атап өткен жөн. Мәселен, лауазымды адамға пара бергені үшін ҚР ҚК 367-бабы бойынша 7 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жауапкершілік қарастырылады.
Ағымдағы жылы ПД Өзіндік қауіпсіздік басқармасына 7 полиция қызметкері өздеріне сыйақы ұсынған азаматтардың заңсыз әрекеттері туралы жүгінді. Алайда, лауазымды адамға пара берудің салдары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізгеннен кейін азаматтар өздерінің заңсыз әрекеттерінен бас тартқан.
2021-2022 жылдар аралығында ІІО қызметкерлеріне пара бергені үшін ПД Өзіндік қауіпсіздік басқармасымен жеті азамат қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
Естеріңізге сала кетсек, Жамбыл облысының Полиция департаменті Өзіндік қауіпсіздік басқармасында 8-7262-45-46-52, 8-701-032-22-35 сенім телефондары жұмыс істейді, осыған қатысты азаматтар да, полиция қызметкерлері де сыбайлас жемқорлық көріністерінің барлық деректері бойынша жүгіне алады.
Sign in
Sign in
Recover your password.
A password will be e-mailed to you.