Қасым-Жомарт Кемелұлы бүгінде көптеген әлеуметтік мәселе шешімін тауып жатқандығын атап өтіп, білім саласына да тоқталып өтті.
Орта білімнің сапасы-табысты ұлт болудың тағы бір шарты. Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуы тиіс. Сол үшін “Жайлы мектеп” жобасы қолға алынғанын атап өтті.
2025 жылға дейін 800 мыңдай баланың заманауи мектепте білім алатынын, жаһандық ғылыми-техникалық даму барысын ескере отырып, жоғары сыныптарда жаратылыстану-математика пәндерін және ағылшын тілін оқытуды барынша күшейтудің маңызды екенін айтып, білімді және бірнеше тілді меңгерген ұрпақ болашаққа сенімді қадам басатынын, біздің күшіміз-жастардың білімінде екенін атап өтті.
Мемлекет басшысы ІТ саласына да баса назар аудару қажеттігін айтты. Шын мәнінде бұл сала ел болашағы үшін маңызды. Сондықтан өскелең ұрпақтың осы саладағы жетістіктерін де арттыруымыз керек.
Мемлекет басшысы жас ұрпақтың қауіпсіз өмір сүруін қамтамасыз ету қажеттігін де тілге тиек етті. Өз сөзінде Қасым-Жомарт Кемелұлы “Адал азамат және тұғырлы тұлға болудың негізі бала кезден қалыптасады” деді.
Мемлекет басшысы жолдау соңында елімізді бірге дамытып, Әділетті Қазақстанды бірге құру жолында атсалысуға шақырды.
Жолдау: жаңа экономикалық саясат, нақты секторды дамыту, ел болашағына арналған стратегиялық инвестиция, мемлекеттік басқару ісін қайта жаңғырту, заң және тәртіп бағдарлары бойынша айтылды. Президент еліміздің алдағы күндерге қойған мақсат-міндеттерін айта келе, отбасылық -демографиялық саясатқа ерекше тоқталды. Коғам балалар үшін қауіпсіз болу керек, әсіресе, өскелең ұрпақтың психикалық саулығы өте маңызды. Білім беру мекемелерінде психологиялық қолдау қызметін күшейту қажет деді. Сондай-ақ балалар мен жасөспірімдердің зорлық-зомбылыққа, қысымға, яғни, буллингке ұшырамауы жолында талай жұмыстар жүргізілуі тиіс. Ол үшін сенім телефондары жұмыс істеп, қоғам балалар мен барлық қазақстандықтар үшін де қауіпсіз болуы шарт деді. Президент, әсіресе ауыл шаруашылығы, ауылдың әлеуеті, өндіріс, ғылым мен білім, кәсіпкерлік, сауда-саттық, салық жүйесі туралы да нақты тапсырмалар берді.
Соның ішінде білім саласына да байланысты маңызды мәселелер мен оның шешімдеріне айрықша тоқталған болатын.
Атап айтар болсақ, болашақта Қазақстанда балабақша тәрбиешілерінің әлеуметтік мәртебесі артып, жалақысы көбейту туралы,мектеп жасындағы балалар жан-жақты болып өсуі қажет екендігі, сонымен қатар, жоғары сыныптарда жаратылыстану-математика пәндерін және ағылшын тілін оқытуға ерекше мән берілетіндігі мен жоғары оқу орындарында оқу ақысының тым қол жетімсіздігі жайында және осы мәселелердің шешілетіндігі жайында тоқталған болатын. Жолдаудың нәтижелі түрде іске асырылып отырылғаны баршамыздың көз алдымызда…
Биылғы жолдауында да Президентіміз ел игілігі жолында көптеген өзекті мәселелерге тоқталды.Соның ішінде бүгінгі күннің ең басты проблемасына айналып отырған кәммелетке толмағандарға жасалып жатқан зорлық-зомбылықтың кез-келген түріне жазаның күшейтілуі туралы талабы халқымыздың көкейіндегі мәселенің шешімі деп білемін. Президентіміздің бұл жолғы жолдауы да ел экономикасын дамытуда аса зор рөл атқаратындығына сенімім кәміл.
Эльмира Қойлыбаева, Жамбыл облыстық мәслихат депутаты