Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД №67 мекемесінде арнайы контингент арасындағы тәрбие жұмысы жөніндегі бөлімшесінің қызметкерлері сотталғандармен ҚР ІІМ 20.08.2019 жылғы «Бас бостандығынан айыруға сотталғандармен тәрбие жұмысын жүргізу қағидасын бекіту туралы» №720-бұйрығына сәйкес тәрбие жұмысын жүзеге асырады. Осы жұмыстардың бірі сотталғандардың адамгершілік тәрбиесін, моральдық-этикалық түсінікті, салауатты өмір салттарын арттыру болып табылады.
КАЖД №67 мекемесінде АКАТЖжӘП бөлімшесінің қызметкерлері шаруашылық жасағына қалдырылған сотталғандар мен мекемеде тергеудегі кәмелет жасына толмаған жасөспірімдермен және оқшауланған аймақта ұсталынып отырған сотталғандар арасында «Қазақсатан Республикасының Конститутция» мерекесіне орай, жоспарға сәйкес спорттық іс шара өткізілді. Осылайша, бекітілген жоспарға сәйкес кәмелет жасына толмағандармен шахмат, шашки ойындарынан жарыс өткізілді. Жарыста белсенді қатысқан жасөспірімдер марапатталды. Сонымен қатар таңғы тексеру іс-шарасынан соң, сотталғандар ҚР Мемлекеттік Әнұранын орындаудан бастады. Яғни сотталғандардың патриоттық сезімдерін нығайтуға бағытталған ҚР-ң Конституциясы-Ата заң тарихы туралы өлеңдер мен құттықтаулар айтылды. Сонымен қатар спорттық іс-шарасы, яғни қол күрес, арқан тарту, шахмат, турникке тартылу ойындарынан жарыс өткізіліп белсенді қатысқан сотталғандар мен жарыста орын алған сотталғандар мекеме бастығының алғысымен марапатталды.
Мыркалиева Меруерт