A place where you need to follow for what happening in world cup

Жатақхана жағдайы – партия бақылауында

273

Жаңа оқу жылына қарай өңірдегі студенттік жатақханаларға мониторинг жүргізіліп, дайындығы зерледенді.
Бүгін «AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалының Төрағасы Дауыл Ынтықбайұлы, мәслихат депутаттары, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша Департаментінің маманы, БАҚ өкілдері қаламыздағы бірқатар оқу орындарының жатақхана жағдайымен танысып қайтты.
Тараз өңірлік университетінің Ниетқалиев көшесінде орналасқан студенттер үйі 510 орынды қамтиды. Қазіргі таңда соңғы әрлеу-сырлау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, Сәтбаев көшесінде орналасқан екінші жатақханадада осы жұмыс жүріп жатыр.
Дулати университетінің жаңадан салынған жатақханасы балансқа өтпей соңғы жылдары үлкен мәселеге айналды. Аталған мәселе бойынша партия төрағасы Дауыл Ынтықбайұлы өз тарапымыздан оң шешім қабылдануына жұмыс жасайтын боламыз деген пікір білдірді. Оқу орнының тарапы да бірлесе жұмыс жасап, мәселені біржақты қылу қажеттігін айтты.
Зерделеу жұмысы Техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің жатақналарында да жүрді. Тараз политехникалық колледжінің жатақханасына мониторинг жүргізіп, нәтижесінде орташа деге баға берілді. Және Жамбыл жоғары колледжінің жиырмасыншы ғасырда салынған жатақханасына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, есік, терезесі ауыстырылды, жиһаздары жаңартылып, студенттерді қабыдауға дайын екеніне көз жеткіздік.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.