A place where you need to follow for what happening in world cup

Департамент бастығы жарыс жеңімпаздарын қабылдады

244

2023 жылы Шучинск қаласында өткен ҚР ІІМ Қылмыстық- атқару жүйесі қызметкерлері арасындағы қоян-қолтық ұрысынан ХІV чемпионатына Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің құрама командасы қатысып жүлделі орындарды иеленді. Команда бапкері әділет майоры Дидар Рысбековтың бастауымен қоян-қолтық ұрысында департаментке қарасты 67 мекеменің бақылаушылары Есенгельдиев Ақселеу Ахметов Айзат өз салмағында жүлделі 1 орын жеңімпазы атанды, сонымен қатар ең үздік техника номинациясын А.Ахметов қанжығасына байлады. ҚАЖ командаларының бапкерлері арасында жарысқа әділ төрешілік жасағаны үшін Рысбеков Дидар грамотамен марапатталды. Аталған іс шара негізінде Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департамент бастығы Н.Қ. Рыспаев барлық жеке құрам алдында жеңімпаздарды марапаттап, өз сөзінде қазіргі уақытта қоян-қолтық ұрысы бүкіл әлемде жақсы дамып келе жатыр, оның өркендеуі қорғану тәсілдері мен шабуылды үйрететін әмбебап жүйеге байланысты. Бұл спорт түрі ретінде өзіне әлемдік арсеналдағы күрестің түрлі функционалды элементтерін қосатындығын және ҚАЖ қызметшілерінің қоян-қолтық ұрыс тәсілдерін білуі қарусызда қорғануына мүмкіндік береді — деді Нияз Қанатұлы Рыспаев.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.