A place where you need to follow for what happening in world cup

«Сотталғандарды босатылуға дайындау кәсіби даярлық және еңбек нарығы» атты өткізілген дәріс

198

15 маусым 2023 жылы Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД №67 мекемесінде 2016 8 желтоқсандағы №387 Жарлығын қолдануды жүзеге асыру үшін «Сотталғандарды босатылуға дайындау кәсіби даярлық және еңбек нарығы» атты әлеуметтік жобасына сәйкес дәріс өткізілді. Дәріс мақсаты бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтар жұмысқа және тұрмыстық орналастыруға, коғамға бейімделуге, яғни алғашқы көмек (алғашқы жәрдем ақы, АСП) беруге бағытталған. Аталған іс-шара 2023 жылдың бірлескен 2 жақты жоспарына сәйкес босатылатын сотталғандармен еңбек нарығы туралы, жұмыспен қамту, кәсіби даярлық, ақылы қоғамдық жұмыстарға орналастыру, тұрмыстық орналастыру, шағын несие беру бойынша, стандарттық ережелер бойынша бағдарламаға байланысты мекеменің АКАТЖжОП бөлімше қызметкерлерімен ұйымдастырылды.
Сонымен катар әлеуметтік жобаға сәйкес іс-шара барысында Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен камту орталығының маманы өзінің тұрғылықты жеріне, яғни жұмыспен камту орталығына барып тіркелу тәртібін айтып түсіндірді. Сонымен қатар пробация қызметінен маман өз тарапынан заңға сәйкес түсіндірілді. Сотталғандар сұрақтарын койып өздеріне керек жауаптарымен қанағаттандырылды.

М.Н. Мыркалиева

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.