A place where you need to follow for what happening in world cup

«Қақпа алдында кездесу» әлеуметтік жобасының аясында шығарып салу шарасы өтті

205

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД №67 мекемесінен сотталған У.А жаза әлеуметтік жобасының аясында шығарып салу шарасы өтті. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатуға дайындық кезеңінде бағдарламаға сәйкес психологиялық, медициналық, әлеуметтік- құқықтық көмек, еңбекке және тұрмыстық орналастыру, отбасымен оң байланыстарды нығайту мәселелерінде тәрбиелік іс-шаралар жүргізілді.
Сотталғанмен босатылатын күніде қолдау және консультациялық көмек көрсету шеңберінде, оны одан әрі әлеуметтік бейімдеу бағытын әзірлей отырып, мекемеге Тараз қаласының жұмыспен қамту орталығынан білікті маман және Тараз қалалық № 2 пробация қызметінен қызметкер шақыртылды. <<Қақпа алдында кездесу» іс-шарасы кезінде: оңалтуға жәрдем көрсететін мемлекеттік мекемелердің байланыс деректерін, сондай-ақ тұрғылықты жері бойынша тіркелу, жұмыспен қамту, денсаулық сақтау орындарында есепке қою және т.б тәртібін қамтитын жадынама табыс етілді. Бостандыққа шыққан сотталғанды қақпа алдында бостандықта сағына күтіп жүрген отбасылары асыға қуана қарсы алды.

 Меруерт Мыркалиева

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.