A place where you need to follow for what happening in world cup

Мемлекеттік қызметшілермен жиын өтті

410

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында Жамбыл облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Мәди Мәтеннің ауданға іссапары аясында мемлекеттік қызметшілермен жиын өтті. Оған аудандағы барлық саладағы мемлекеттік қызметшілер қатысты.

Жиынды аудан әкімінің аппарат басшысы – әдеп жөніндегі уәкілі Қойбақов Серік Дүйсенбайұлы ашып,  жүргізіп отырды.

Серік Дүйсенбайұлы 2019 жылы аудан әкімдігінде мемлекеттік қызметкерлермен атқарылған жұмыстар бойынша баяндама жасады.

— Мемлекеттік қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылы 18 қарашада қабылданып жəне 2016 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізілген. Осы заңға сай қызметкерлердің этикалық нормаларды сақтау талаптары, өз қызметінде жеке мүдделер қақтығысына жол бермеу жағы да қаралды. Мемлекеттік қызметшілердің адамгершілік қасиеттерін арттыру мақсатында Президенттің Жарлығымен Мемлекеттік қызметшілерінің əдеп кодексі жəне Əдеп жөнiндегi уəкiл туралы ереже бекітілді. Əдеп кодексі əртүрлі жағдайлардағы мінез-құлық барысын, яғни жұмыс кезінде əріптестерімен, қарамағындағылармен, басшылықпен қарым-қатынасты орнату, жұмыстан бос уақыттардағы мінез-құлқын анықтайды.

Әдеп жөніндегі уәкілдің қызметін одан әрі жетілдіру бойынша, оның ішінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Өзгерістерді өзінен баста!» бағдарламасын іске асыру шеңберіндегі жоспарына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің әдеп стандарттарын түсіндіру бойынша  31 семинар өткізілді.

Нәтижесінде 2019 жылы электрондық түрде көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйесі арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 82,4 пайызды құрады.

Сонымен қатар, тұрғындардың уақытын үнемдеу, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, ашықтық пен жариялылықты, мамандардың кедергісіз қызмет көрсету мүмкіндіктерін арттыру мақсатында 2019 жылдың 19 қарашасы күні ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл обысы департаменті басшысының бірінші орынбасары Р.Төлебаевтың қатысуымен Нұрлыкент және Көкбастау ауылдық округтерінде сервистік әкімдіктер ашылды.

Мемлекеттік қызметшілерді мәдени-қоғамдық өмірге тарту бойынша аудандық деңгейде 6 спорттық іс-шара өткізілді. Аталған іс-шараларға 148 мемлекеттік қызметшілер қатысты.

Сонымен қатар, Тараз қаласындағы «Астана парк» кинотеатрына мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен «Әкім» атты фильмді  тамашалап қайттық және корпоративтік мәдениетті нығайту, мемлекеттік қызметкерлер мен мемлекеттік органдардың қызметкерлері арасында саламатты өмір салтын насихаттау барысында денсаулық сауықтыру орталығында іс-шаралар ұйымдастырылды.

Мемлекеттік қызметкерлермен Б.Момышұлының музейіне және аудандық тарихи-өлкетану музейіне, Теріс ауылының шығысында орналасқан Жылқышы төбедегі ежелгі «Баркуаб» қалашығына, Шақпақ қалашығының шығыс беткейіндегі шоғыр тау жыныстарында орналасқан Шақпақ әулие үңгіріне және Тектұрмас кесенесіне 88 мемлекеттік қызметшіге экскурсия ұйымдастырылды,- дей келіп Серік Дүйсенбайұлы, кейбір мемлекеттік қызметшілердің Әдеп нормаларын сақтамағаны үшін тәртіптік жазаға тартылғандығы, еңбек тәртібін сақтау, мемлекет мүлкін тиімді пайдалану мақсатында қызметтік көліктерге GPS навигатор жүйесі орналғаны және жемісті еңбегі үшін марапатталған мемлекеттік қызметкерлер, мемлекеттік қызметтегі жетістіктері жайлы да айтып өтті.

Баяндама соңынан аппарат басшысы мемлекеттік қызметшілердің атынан бірқатар ұсыныстарын да жеткізді.

Яғни, мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысын көтеру, түрлі жағдайдағы шектеулер мен тыйым салулар, тағы да басқа мәселелер жайлы ұсыныстар.

Сөз кезегін алған облыс әкімдігі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Мәди Мейірбекұлы мемлекеттік қызмет саласындағы туындап отырған сұрақтарға заң аясында ұғынықты тілмен жан-жақты жауап беріп, саладағы реформалардың негізгі функциясына тоқталды.

-Мемлекеттік қызметшіге талап өте жоғары. Дегенмен, қоғамның көзқарасын ескере отырып, өзімізді өзіміз сынға алуымыз керек.

Халықтың ұсыныс-пікіріне құлақ асуымыз қажет. Қарапайым халыққа мейлінше түсінікті, ұғынықты тілмен жауап беруге міндеттіміз. Яғни, мейлінше халықпен тығыз байланыста болуға міндеттіміз. Және қандай жағдайда болмасын мәдениеттілікті, сабырлылықты сақтауымыз керек.

Қандайда бір өтінішпен келген кісіні жайдары көңіл күймен, шын ынтамен, зейін қойып тыңдап, дұрыс бағыт-бағдар беруге, хал-қадірімізше көмек көрсетуге міндеттіміз. Ол үшін ең бірінші өзіміздің оймыз бен айтар сөзімізді жүйлеп алуымыз керек.

Мемлекеттік қызметші қай ортада болмасын киім киісі, жүріс-тұрысы, сөзі, әрбір іс-әрекеті жағынан өзгелерге үлгі бола білуі тиіс. Қысқасы,  қалай болғанда да моральдық-этикалық талаптардың шеңберінен шықпауымыз керек.

Тәртіптік жаза, бұл – мемлекеттік қызметшіні тәртіпке шақыру мақсатында ғана қолданылуы керек,- дей келіп тәртіптік жазаны қолдануда туындап отырған кейбір келеңсіз жағдайлар, мемлекеттік қызметшінің рухани тұрғыдан дамуына, бір мезгіл серігуіне жағдай жасау, «Елдік елге байланысты» тақырыбында өткен облыстық форумның аясында қолға алынған прагматизмнің озық үлгілерін санамызға сіңіру тағы да басқа маңызды мәселелер төңірегінде әңгіме өрбіді.

Мәди Мейірбекұлына мемлекеттік қызметшілер өз көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойды.

Мемлекеттік қызметке білімді жастарды тарту үшін мемлекеттік қызметшіні рухани жағынан дамыту мақсатында кәсіподақ тарапынан қолдау болса, аудандық ауруханада мемлекеттік қызметшілердің уақытын тиімді пайдалану мақсатында ашылған кабинет жұмысын қайта жандандырса, т.б ұсыныстар айтылды.

Мәди Мәтен жиын барысында айтылған ұсыныс-пікірлердің алдағы уақытта ескерілетінін жеткізді.

Перизат Шымыртайқызы

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.