Тарихымызда қалған бұл сұрапыл соғыстың кеселінен өткен ата апаларымыз аман болсын! Келешек еліміздің дархан даласы кең, аспаны ашық болсын! Жұдырықтай жұмылған, білектей біріккен кеңпейіл Қазақ елі жасасын! Ардақты ардагерлер: ақсақалдар, аналар! Сіздерді Ұлы Отан Соғысындағы Жеңістің 78 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймыз.Жеңіс күні — тарих төрінен орын алатын ұлы мереке. Сіздердің ерліктеріңіздің арқасында біз бүгін бейбіт өмір, бақытты тұрмыс кешудеміз.
9-мамырда ТМД елдерінің, соның ішінде Қазақстанның аумағында жыл сайын бүкілхалықтық мереке — Жеңіс күні атап өтіледі.Жеңіс күні жыл сайын тоғызыншы мамырда тойланатын мереке. Ұлы Отан соғысы аяқталғаннан бері көптеген жылдар өтті. Қазіргі ұрпаққа соғыс жылдары қандай болғанын елестету өте қиын. Өйткені, біздін бақытымызға орай, бейбітшілікте туып, соғыстың қасіретін тартпадық.Біз Ұлы Отан соғысына қатысқандардың ерліктері туралы еш уақытта ұмытпаймыз. Бұл мереке тек ардагерлер мен соғыс балалары үшін ғана емес, біз үшін де мереке. Бұл күні біздің жүрегімізде бақыт, қуаныш сезімдері, ең бастысы мақтаныш сезімдері бар.
Сіздерге ұрпақтарыңыз атынан шексіз алғыс білдіреміз. Бәріңізге бақыт пен куаныш, денсаулық тілейміз!
Sign in
Sign in
Recover your password.
A password will be e-mailed to you.
Келесі жаңалық