Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған салтанатты шара өтті. Әнұранның шырқалуымен бастау алған мерекені департамент бастығы әділет полковнигі Рыспаев Нияз Қанатұлы құттықтау сөзбен ашты.
Бұдан кейін, бірқатар қызметкерлер мен сала ардагерлері Ескермесов Қайрат Дабылбеков Сабыржан, Жекенов Канат, Ниязбекова Қарлығаш арнайы марапаттарға ие болды. Атап айтқанда, ҚАЖ Комитетінің Құрмет Грамотасы аға буын өкілдері Медеу Есмұратовқа ҚАЖ Комитетінің Алғыс хаты Ақселеу Есенгелдиевке Жамбыл облысы әкімінің құрмет грамотасы Жапаров Руслан Нұрланұлына табыс етілді. Сондай-ақ, өңірлік ҚАЖ департаментіне бағынысты №67 түзеу мекемесінің режим және күзет бөлімінің бақылаушысы әділет аға сержанты Аманкулов Жанболсын ҚР Полициясының 30 жылдығы медальімен марапатталды.
Салтанатты жиын соңы концерттік бағдарламаға ұласты.
Sign in
Sign in
Recover your password.
A password will be e-mailed to you.
Алдыңғы жаңалық
Келесі жаңалық