A place where you need to follow for what happening in world cup

Қыс мезгілінде қара жолды күтіп ұстау маңызды

178

Жолшылар тәулік бойы жұмыс істейді. Ал қыс мезгілінде жол саласындағы қызметкерлердің жұмысы тіптен ауыр. Себебі, күре жолдардың сапалы әрі шыдамды болуы «Жол активтері сапасы ұлттық орталығының» қызметкерлерінің ерекше бақылауында.

Жалпы, Жамбыл облысы бойынша республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы желісі 1195 км құрайды. Дәл осы жолдарға «Жол активтері сапасы ұлттық орталығы» өңірлік филиалының қызметкерлері жоспарға сәйкес инспекциялық тексеру жұмыстарын ұйымдастырып, ақауларды анықтайды. Тәртіп бойынша ақау анықталған бетте жауапты мекемелерге хат жолданады.

— Республикалық маңызы бар жолдарды қолданушылар қыс мезгілінде алыс сапарға аттанарда көлікті әбден дайындауы қажет. Күн райының бұзылуы мен ауа температурасының төмендеуіне байланысты жазғы автомобиль шиналарын қысқы шиналарға ауыстыру маңызды. Алыс сапарға аттанар алдында көліктің техникалық жай-күйін және жанармай мөлшерін тексеру керек. Ауа-райы күрт нашарлағанда жол қозғалысы ережелерін қатаң түрде сақтаған абзал. Көлікте қалың киім мен медициналық алғашқы көмек қорапшасы болуы керек. Ауа-райы болжамын жіті қадағалап, дауылды ескерту туралы хабарламаларды тыңдау қажет, — дейді орталықтың инженері Ахметжан Бименов.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.