A place where you need to follow for what happening in world cup

Төрт азамат бостандыққа шықты

230

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №25 мекемесінде жаза мерзімінің аяқталуына байланысыты төрт азамат бостандыққа шықты. Оларды мекеме қақпасы алдынан туыстары қарсы алды.

Өз сөзінде бостандыққа шыққан азаматтар мекеме бассшылығына алғыстарын айтып, жазасын өтеу кезінде жасаған қателіктерін толық түсініп, түзелгенін, қоғамға қайта қосылып, ендігі кезекте заң бұзбауға уәде берді.

Сонымен қатар, босатылатын сотталғандарды еңбекпен және тұрмыстық орналастыру жөніндегі инспекторы, аға лейтенант Кәмшат Әбдімомынова бостандыққа шыққан азаматтар жұмыспен қамту орталығынан жұмысқа орналасуға жолдама алып,  оларға мемлекет тарапынан әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетілетіні, бостандықта білімін жетілдіріп, денсаулығын нығайтуға мамандар қол ұшын созатынын түсіндірді.

Ал, бостандыққа шыққан азаматтың бауыры ағасының жазасын өтеу кезінде заң алдындағы ағаттығын ұғынуына септік болған мекеме басшылығына алғысын айтып, ізгі тілегін жазбаша түрде ұсынды. Сондай-ақ, ҚАЖ қызметкерлеріне бауырының түзу жолға түсуіне тағы бір мүмкіндік бергендері үшін разылығын жеткізді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.