A place where you need to follow for what happening in world cup

Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?

82

Синоптиктер 11-13 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Болжамға сәйкес, солтүстік-батыс антициклон жотасы республиканың батыс, солтүстік-батыс жартысына әсер етеді, сондықтан алдағы тәулікте негізінен құрғақ және шуақты ауа райы сақталады.

«Елдің солтүстік, орталық, шығыс және оңтүстік бөлігіне жауын-шашынның түсуіне ықпал ететін оңтүстік циклон шұңқыры мен атмосфералық фронттар әсер етеді, елдің солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Күн күркірейді, бұршақ жаууы мүмкін, қатты жел болады деп болжанады», — делінген хабарламада.

Ауа температурасы:

  • батыста +30 +38 градус,
  • солтүстік-батыста +23 +35 градус,
  • солтүстікте +20 +28 градус,
  • орталықта +23 +33 градус,
  • шығыста +18 +28 градус,
  • оңтүстікте, оңтүстік-шығыста +23 +35 градус шегінде,
  • таулы аудандарда +13 +20 градус.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.