A place where you need to follow for what happening in world cup

«Ұялмаған әнші болады»: Аша Матай ән айтамын деп сынға қалды

53

Шоу-бизнес жұлдыздарының қыз ұзатуды кәсіпке айналдырғаны белгілі. Бүгінде аруларды құтты ұясына қондыратын әншілердің көшін Жазира Байырбекова бастап тұр. Қарақат Әбілдина, Мәдина Сәдуақасованы өз қуанышынан көргісі келетіндер де жетерлік. Енді олардың қатарын Аша Матай толықтырмақ, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алғашқыда түрлі әндер жаздырып, әнші болуға талпынған Аша кейін актерлік, тележүргізушілік қабілетімен көзге түсті. Бүгінде қалың көпшілік Ашаны отандық шоу-бағдарламалардың жүргізушісі ретінде таниды.

Бір кездері жұбайы Арманмен дуэт жазып, жастардың көңілінен шыққанымен, бүгінде Аша әншіліктен алыс. Осы олқылықтың орнын толтыруға бекінсе керек, ол қыз ұзатуға арнап сыңсу әнін жаздырды.

«Жол мұраты- жету, қыз мұраты-кету» дейді. Ұядан ұшып, ұзатылайын деп жатқан қыздарымыз құтты орнына қонып, бақтары ашылсын!» — деп жазба қалдырды Аша жаңа әннің үзіндісін Instagram парақшасында жариялап.

Алайда көпшілік Ашаның бастамасын қолдамады. Оның әншілік қабілетін сынға алып, тележүргізуші болып қалуға кеңес берді.

«Аша, саған тележүргізуші болып жүре берген дұрыс-ау», «Әркім өз жұмысымен айналысса ғой», «Таныс бар, дауыс жоқ деген осы ғой», «Аша, не айтып тұрсың?», «Сәтсіз шыққан ән екен. Сіздің даусыңызға келмейді. Ұнамады орындау да, ән де», «Сол тойларға шығайын деп жүрген ғой», «Жарайсың, бірақ енді ән айтпашы», «Дым даусы жоқ», «Ұйқым келмейді» жақсы ғой», «Даусыңыз жуан, жағымсыз», — деп сынады желі қолданушылары.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.