A place where you need to follow for what happening in world cup

Әйел тамаққа у қосып беріп, қызы мен үш немересін өлтірді

52

Саратов облысында 49 жастағы әйел ақшаның жетіспеушілігінен қорқып, 23 жастағы + қызы мен немерелерін улап өлтірген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Комсомольская правда басылымына сілтеме жасап.

Маркс ауданында 49 жастағы әйел үш немересін және олардың тәтесі, сал ауруымен ауыратын 23 жастағы қызын өлтірген. Еске сала кетейік, қайғылы оқиға 2021 жылдың 13 желтоқсанында Александровка ауылында болған. Қоңыраудан соң жедел жәрдем келіп, үш жасар Михаил мен бес жасар Маргаританың қайтыс болғанын айтады. Жансақтау бөліміне жеті жасар бала мен 23 жастағы қыз жеткізілген болатын. Өкінішке орай, олар да көп ұзамай көз жұмды.

Бастапқыда оқиға кездейсоқ болды деп болжанды. Аз уақыт бұрын әйел үйде жәндіктер улаған көрінеді. Алайда көптеген зертханалық зерттеулерден кейін өлімнің себебі басқа улы зат екені белгілі болды.

Қайғылы жағдай орын алған күні  Лидия Викторовна үйде болған. Бірақ зардап шекпеген жалғыз адам еді. Тергеу эксперименті кезінде ол балаларға арнайы сүт сорпасын дайындап, улы затты қалай қосқанын егжей-тегжейлі айтып берді. Алайда көз жұмған балалардың әкесі Александр әлі күнге дейін анасын кінәсіз деп санайды.

«Ақшаның жетіспеушілігінен қорыққан . Ол жауап алу кезінде өзін сабырлы ұстап, жасаған қылмысына өкінді», – деп түсіндірді тергеу комитеті.

Оқиғадан қырық күн бұрын ол отбасын асыраған күйеуінен айырылған. Лидия Викторовна ешқашан жұмыс істемеген, үй шаруашылығымен ғана айналысқан. Жұбайы қайтыс болғаннан кейін Маркстегі зауытта жұмыс істеген ұлы Александр үйдегі жалғыз асыраушы болып қалады.

Көз жұмған балалардың анасы олармен ұзақ уақыт бірге тұрмаған және отбасына жақын адамдардың айтуынша, қаржылай көмектеспеген.

Соның өзінде отбасы кедей күн кешпеген. Балалар мектепте әрдайым ұқыпты болып жүрген, үйіне де жөндеу жұмыстары жүргізіліпті. Ауылда Лидия Викторовнаның ағасы да тұрған көрінеді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.