Бүгін сағат 20.00-де «Казфосфат» ЖШС минералды тыңайтқыштар зауытында бір реттік түтін шығарылымы орын алды.
🔹Алдын ала жүргізілген талдаулардың нәтижесі бойынша фтор қосылыстарының шамалы жоғарылағаны байқалады.
🔹Қазіргі уақытта минералды тыңайтқыштар зауыты мен қаланың санитарлық шекарасында азот секілді басқа заттардың көбеюі анықталмаған.
🔹Облыс әкімінің тапсырмасымен экологтар, Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары және басқа да жауапты тұлғалардың қатысуымен жұмыс тобы құрылды.
🔹Жұмыс тобын Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Рүстем Дәулет басқарады.
🔹Қазіргі уақытта басқа да аймақтарда зерделеу жұмыстары жалғасуда.
✅Тұрғындардан сабыр сақтап, тек ресми ақпаратқа сенуді сұраймыз.