A place where you need to follow for what happening in world cup

Әке – отбасының тірегі

211

Ыбырай Алтынсарин атындағы №49 мектеп гимназиясында «Әке отбасының тірегі» тақырыбында (19.02.2022ж.) семинар – тренинг өтті. Семинар – тренингтің мақсаты: — Мектеп пен отбасының өзара байланысын, қарым – қатынасын нығайту; -Отбасының қарым қатынасындағы сенімділікті және сыйластықты қалыптастыру.
«Әке отбасының тірегі» тақырыбында семинар – тренингке қатысқан 5-11 сынып оқушыларының әкелері балаларын қаншалықты жақсы білетінін анықтау барысында мектеп-гимназияда білім алушылардың әкелеріне арнаған ой- тілектері тыңдалды.
Бұл іс-шараға Тараз қаласы білім бөлімі жанындағы ата-аналар комитетінің төрайымы Ғ.Рысбаева, Тараз қалалық прокуротурасы бөлімінің аға прокуроры Д.Құттыбаев, «Аналар» үйінің үйлестірушісі А.Ажибекова, облыстық Әкелер кеңесінінің мүшелері Медицина ғылымдарының докторы, Профессор, Жамбыл облысының Құрметті азаматы С.Ордабеков және Тараз қаласы білім бөлімінің бас маманы Қ.Үкібасов қатысты. Семинарға қатысқан қонақтар өз ойларын ортаға салып, мектеп – гимназия ұжымына және ата-аналар мен оқушыларға жылы лебіздерін айтып, жұмыстарына табыс тіледі.

Облыстық әкелер кеңесі

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.