A place where you need to follow for what happening in world cup

Туыстары моланы күзтумен жүр: Қаңтардағы бүлік кезінде қаза тапқан 33 адамның денесі қайта қазылып алынған

312

Қаңтардағы дүрбелең кезінде қаза тапқан 33 адамның денесіне эксгумация жасалынған. Бұл бас прокуратураның берген ақпараты. Дегенмен, әлі де мәйіттеріне тиісті сараптама жасалмағандар бар. Ал бірі жарынан, бірі баласынан айырылған отбасылар сүйекті қайта қорлауға жол бермейміз дейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.

Видеодан скриншот

Осыдан екі ай бұрын ғана шаңырақ көтерген 22 жастағы Аңсар 5-ші қаңтарда Алматыдағы оқиға кезінде қаза тапқан. Шымкент қаласында жер қойнына тапсырған мүрдені қайта қазып алу жөнінде сот шешім шығарған. Ал онсыз да баласынан айырылып, қайғыдан қан жұтқан ата-анасы соттың мұндай шешімімен келіспей, жоғарғы сотқа арыз жазып, моланы күзетумен жүр.

Марқұмның анасы Жазира Жандарбекова 7-қаңтардан бастап бүгінгі күнге дейін мазаратты аңдумен жүремін дейді.

“Баламның Аңсар ұлымның басында кредиті бар. Не істеймін, кімнен көмек сұраймын”, – дейді ол.

Алматы облысындағы Жамбыл ауданына қарасты Ақсеңгір ауылының тұрғыны 21 жастағы Олжас Әлімжанұлы да Алматыда 5-ші қаңтар күні қаза тапты. Оның да етжақындары эксгумация жасатуға жол бермейміз деп отыр. Ал бұл суреттегі Марат Мұсабеков 5-ші қаңтар күні Алматыда жұмыстан қайтып келе жатқанда оқ тиіп, қаза тапқан. Ұлы әкесінің денесін жер қойнына тапсырғаннан соң 11 күннен кейін құқық қорғау органдары мүрдені қарсылыққа қарамастан қайта қазып алды дейді.

Марқұмның ұлы Сұлтан Мұсабеков эксгумация күштеп жүргізілді деп отыр.

“Қазіргі уақытта бізге сараптама қорытындысы ақпан айының соңында дайын болатынын айтты”, – дейді ол.

Ал бас прокуратура жер қойнынан денесі қайта қазып алынып, эксгумация жасалып жатқан марқұмдар күдікті емес екенін жеткізді. Қайтыс болған адамдардың денесі қылмыстық істе күдікті ретінде танылғандықтан қайта қазылып алынып жатқан жоқ.

Қайтыс болу себептері мен мән-жайларын анықтау мақсатында тексерулер мен сараптамалар жүргізу қажеттігіне қарамастан, туыстары алып кеткен марқұмдардың денелеріне ғана эксгумация жасалады. Ал балаларын жер қойнына бір ай бұрын тапсырып, қара жамылған отбасылар эксгумацияны тоқтатып, әруақтарға тыныштық берсін дейді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.