A place where you need to follow for what happening in world cup

Алматыда қоғамдық көлікпен жалғыз жүрген ит жұртты таңдандырды

148

Алматыда иелері өздерінің жоғалған иттерін іздеуде. Соңғы рет тұрғындар оны троллейбустан көрген. Олардың сөздерінше, Сэнди атты ит қалада қоғамдық көлікпен жүрген. Алайда үй жануарының неліктен жалғыз болғаны ешкімде сұрақ тудырмаса керек. Қазір иелері сегіз жастағы иттерін іздестіруде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Ирина Лустоға итін іздеп жүргеніне бір жарым ай болған. Ол барлық базарларды, жылу трассалары, ит аулау қызметтері мен жануарларға арналған паналарды аралап шыққан.

«Ит жаңа жыл түнінде, Мақатаев-Мұратбаев ауданындағы ауладан түңгі сағат 03:00 шамасында жоғалып кетті. Серуенге шығып едік. Достарыммен тұрғанда көңілім басқа жаққа ауып кетті. Дәл сол уақытта отшашу атылған. Ол қорқып қашып кеткен. Сэндидің қай бағытта кеткенін де көрмей қалдық», — дейді Ирина Лусто.

Әлеуметтік желіде иттің Алматы орталығынан көргендерін айтып, бірнеше рет жазған екен. Кейбірі жануарға тамақ та берген. Бірақ кейін ит белгісіз бағытта кетіп қалған. Итті қоғамдық көліктен де байқаған. Қаланы аралаған Сэндимен жолаушылар суретке түскен екен.

«Әлеуметтік желіне қарап отырамыз. Сөйтіп итімізді байқап қалды. Ол троллейбуста болғанда жас жігіт видеоға түсіріп алыпты. Жексенбі күні кеші 22:00 болу керек. Жігіт троллейбустың нөмірін берді. Сол түні біз паркке бардық. Жүргізушінің ауысымнан келгенін күттік, бірақ троллейбуста ит жоқ екен. Содан кейін итіміздің Абай-Тұрғыт Озал көшесінде екені жайлы суреттер мен хабарламалар келді», — деп қосты иттің иесі.

Сэндиді күшік кезінен асырған екен. Ирина Лусто үмітін әлі үзбеген, итінің табылатынына сенімді. Ол іздеу жұмыстарына көмектесуді сұрайды. Ал тапқан адамға жақсы сыйақы бар дейді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.