A place where you need to follow for what happening in world cup

Қордайдағы жағдай бақылауда

388

Жамбыл облысының Қордай ауданы Масаншы ауылында тұрғындар арасында топтық төбелес орын алды.

Полицияның күшімен қақтығыс тоқтатылды, жағдай бақылауда.

Жамбыл облысы Полиция департаментінің Тергеу басқармасы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293-бабы (бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Қақтығысты бастаушылар мен қатысушылар анықталуда.

Жамбыл облысының Полиция департаменті азаматтардан тек ресми ақпаратқа сенуді және қауесеттер мен жалған хабарламаларды таратпауды сұрайды.

Жалған ақпаратты, оның ішінде әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеміз.

Жамбыл облысы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.