A place where you need to follow for what happening in world cup

Жамбылда 13 су қоймасы жөндеуден өтті

235

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Аслан Ұланұлы Оразбековтың қатысуымен өңіріміздегі су қоймалардың жағдайы туралы баспасөз конфренциясы болып өтті.
Алдымен басқармаға қарасты «Жамбыл су қоймалары» мекемесінің жұмысына тоқталған басқарма басшысы өткен жылы техникалық тұрғыдан жақсы күйде ұстау үшін 17 су қоймаға 50,2 млн.теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізілгендігін атап өтті.
— Жалпы бүгінде аталмыш мекеме теңгерімінде 106 су қойма бар. 2017-2020 жылдарға арналған тасқын суды сақтау және жинау Жол картасы аясында 30,2 млн.теңгеге 13 су қоймаға жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар Меркі ауданындағы «Кеңес» су қоймасына жөндеу жұмыстары мекеменің үнемделген қаржысы есебінен және «Талас-Аса» КММ күшімен жүргізілді. Су тасқыны қатерлерінің алдын алу және жою жөніндегі «2017-2020 жылдарға арналған шаралар кешені» бойынша Талас ауданындағы «Қазақбай» су қоймасына 4,2 млн.теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді,- деді басқарма басшысы.
Сондай-ақ апатты жағдайда тұрған 4 (Жамбыл ауданындағы «Ділдебай», Байзақ ауданындағы «Крепость», Меркі ауданындағы «Майбұлақ», Шу ауданындағы «Ақсу») су қоймаға 15,8 млн.теңгеге ағымдағы жөңдеу жұмыстары жүргізіліп, қайта қалыпқа келтірілген.
Ағымдағы жылы «Ерекше авариялы су шаруашылығы құрылымдарын қалпына келтіру» бюджеттік бағдарламасы бойынша 5 су қоймаларына 48,6 млн.теңгеге Байзақ ауданындағы «Дәуітбай», Талас ауданындағы «Жәдік» су қоймаларына жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Елімізде төтенше жағдай жариялануына байланысты Меркі ауданындағы «Аспара», «Көлтоған (Мозговой)», «Кіші Арал» су қоймаларында жұмыстар басталмаған.
Сонымен қатар, ағымдағы жылы «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында 10 су қоймаға (жалпы сомасы 134,8 млн.теңге) жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.