A place where you need to follow for what happening in world cup

4 азамат бостандыққа шықты

279

Жамбыл облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарайтын қауіпсіздігі барынша төмен ЖД-158/5 мекемесінен 3 азамат жаза мерзімінің аяқталуына байланысты бостандыққа шықты. Олардың біреуі Тараз тұрғыны болса, екеуі алматылық. Бұдан бөлек, аталған мекемеден өтелмеген жаза мерзімін неғұрлым жаза түріне ауыстырылуына байланысты тағы бір алматылық азамат еркіндікке жолдама алды.

Оларға мекеменің босатылатын сотталғандарды еңбекпен тұрмыстық орналастыру жөніндегі аға инспекторы әділет сержанты Айнұр Бателова босап шыққан қос азаматқа мемлекет тарапынан әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетілетіндігін айтып, олардың бостандықта білімін жетілдіріп, денсаулығын нығайтуға, сондай-ақ тұрақты жұмысқа орналасуларына мамандар қолұшын созатындығын жеткізіп, еркіндіктегі өміріне сәттілік тіледі. Айта кетейік, бостандыққа шыққан азаматтарды қақпа алдынан туған-туыстары күтіп алды.

Алихан Қали,
ЖД-158/5 мекемесінің сотталғандар еңбегін ұйымдастыру тобының инспекторы әділет лейтенанты

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.