A place where you need to follow for what happening in world cup

«1,2 триллион теңге бөлінеді»: Мұғалімдердің жалақысы тағы көтеріле ме?

297

Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мұғалімдердің жалақысы қалай көтеріліп жатқанын айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

«Білім беру саласының басты мәселелерінің бірі – мұғалімдердің жалақысының төмендігі. Мен 2021 жылдың қаңтарынан бастап педагогикалық қызметкерлердің жалақысын 25 пайызға көтеру туралы шешім қабылдадым. Көбейту алдағы уақытта да жалғасады. Осы мақсаттарға алдағы үш жылда қосымша 1,2 триллион теңге бөлінеді», — деді мемлекет басшысы 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Қазақстан жаңа нақты ахуалда: әрекет ету уақыты» атты Жолдауында.

Мысалы, 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап мәдениет саласындағы арнаулы мектептер мен колледждер қызметкерлерінің жалақысы 25 пайызға, 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап тағы 25 пайызға өсті.

Сонымен қатар мемлекеттік білім беру ұйымдарының мұғалімдеріне мектептен тыс спорттық іс-шараларды өткізгені үшін базалық жалақының 100 пайызы мөлшерінде қосымша ақы төлеу жүйесі енгізілді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.