A place where you need to follow for what happening in world cup

Сарысуда азық-түлік пен жанар-жағармай бағасы бақылауда

301

Сарысу ауданындағы сауда орындары мен дүкен сөрелеріндегі әлеуметтік маңызы бар тауарлардың және жанар-жағармайдың баға тұрақтылығын бақылау мақсатында арнайы монтиорингтік топ құрылған болатын.

Аудан әкімінің орынбасары Олжас Көкей төрағалық ететін топ құрамына аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімдерінің мамандары, жергілікті мәслихат депутаттары мен ардагерлер кеңесінің мүшелері кіреді.

Мониторингтік топ құрылғалы 1 айға жуық мерзімде аудан аумағында 85 кәсіпкерлік нысанға шектік баға туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілген.

Қазіргі таңда әлеуметтік маңызы бар 19 азық-түлік бекітілген шектік бағада саудалануда. Ал, сұйытылған газдың бағасы – 65, жанар-жағармай бағасы –182 теңгені құрайды.

Айта кетейік, ауданда 5 әлеуметтік дүкен бар. Оның 2-і – Жаңатас қаласында болса, Байқадамда –1, Жайылма ауылдық оругінде – 2 дүкен төмендетілген бағада халық игіліне жұмыс істеп тұр.

Осы ретте аудан тұрғындары азық-түлік бағасының негізсіз өскенін байқаса, 8 (726 34) 6-26-33, 8 (775) 321 92-92  телефон нөмірлеріне хабарласуларына мүмкіндік қарастырылған.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.