A place where you need to follow for what happening in world cup

Сарысуда ревакцинация бойынша ақпараттық-түсіндіру тобы құрылды

225

Сарысу аудандық орталық ауруханасында балалар мен жүкті және емізулі сәбиі бар әйелдерге «Pfizer» вакцинасын егу 24 қараша күні басталған болатын. Ауданға әуелі аталған вакцинаның 300 дозасы жеткізілсе, қазір оның саны екі есеге артқан.

Жалпы халықты тіркеу жүйесі (РПН) бойынша ауданда екпе алуға жататын азаматтар саны 5 мыңнан асып жығылады. Олардың ішінде 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдер саны – 4723 болса,  16-37 апталық жүкті әйелдер саны – 313 адам.  Сондай-ақ, бұл санатқа 175 бала күтімімен отырған ана кіреді.

Осы ретте бүгінгі күні (2021 жылдың 20 желтоқсанындағы жағдай) Pfizer вакцинасын ауданда 471 адам ерікті түрде салдырған. Ол үшін аудан бойынша 6 вакцина егу пункті ұйымдастырлған.

Айта кетейік, кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдерді вакциналау үшін ата-анасының жазбаша түрде рұқсат қағазы қажет.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың желтоқсан айынан бастапауданда ересектерді ревакцинациялау басталды. «KazVak», «HayatVak», «СпутникV» вакцинасын қабылдағын  20 795 азамат 6 айдан соң қайта вакцина алуы қажет. Ол үшін ауданға«KazVak» вакцинасының 2 145 дозасы әкелінді.

Сондай-ақ, ауданда короновирус инфекциясына қарсы 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдерге екпе салу бойынша ата-аналарға түсіндірме жұмысын жүргізу үшін әр ауылдық округте ақпараттық топ құрылды.Топ құрамына жергілікті амбулатория дәрігерлері мен психолог-социолог мамандар, ардагерлер кеңесінің мүшелері және округ әкімдері кірді.

Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.