A place where you need to follow for what happening in world cup

️Ұтымды ой, пайымды пікірлер айтылды

121

«AMANAT» партиясы қашаннан мәдени және рухани құндылықтарды сақтап, ұлғайта түсуге мүдделі. Бұл орайда, «Мирас» қоғамдық кеңесі мәдениет саласына қатысты маңызы бар келелі ой, кесек пікір айтылатын алаң деп санауға толық негіз бар.

Бүгін келелі кеңестің кезекті отырысы өтіп, өскелең ұрпаққа рухани тәрбие беру және тарихи-мәдени орындарға қызығушылығын арттыру жолдары мен Респубикалық сайлауалды штабтың хаттамалық тапсырмасының орындалуы туралы мәселелер қаралды.

Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы демекші, оларға білім мен тәрбие қатар берілуі тиіс. Дегенмен қазір білім ошақтарындағы тәрбие бағытындағы іс-шаралардың бағытын өзгерту керек секілді. Себебі, қазіргі балалардың санасы мен ойлау, қабылдауы өзгерген. Жаппай өтетін жалаң жиналыстардан бас тартып, мінезі қиын балалармен тікелей жұмыс жасалуы тиіс.

Расында, қазір телефонға телмірген заман. Балаларды одан ажыратып алу әсте мүмкін емес. Олардың бұл әдеттерін тиімді жағына бағыттау керекпіз. Яғни, білім ошақтарында өңірдің тарихи-мәдени орындары туралы бейнеролик түсіріп, әлеуметтік желілерде қаралымын көбейту сайыстарын ұйымдастыру. Мұндай сайыстар жас ұрпақты өскен жерінің мәдени орындарын өздерінше зерттеуге бағыттайтыны белгілі.

Қызығы, облыс орталығындағы 62 мектептің тек 14-де ғана ұйымдастырушы-педагог жұмыс жасайды екен. Мектептерде мәдени шаралардың пән мұғалімдеріне жүктеп тастаған. Өз кезегінде, бұл мәдени үйірмелер дұрыс жолға қойылмаған деген сөз.

Жиында сондай-ақ, «Еуразия» арнасындағы «QosLike» телебағдарламасының жастарға берер тәрбиесі туралы ұтымды ой, пайымды пікірлер айтылды. Қорыта келгенде, кеңес мүшелері бағдарламаны жабу туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне және Азаматтық қоғам мен мәдениетті дамыту жөніндегі «MIRAS» республикалық кеңесіне ұсыныстар жолданатын болды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.