A place where you need to follow for what happening in world cup

№67 мекемесінде қазақ драма театрының «Соқыр үміт» атты қойылымы ұйымдастырылды

762

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық атқару-жүйесі департаменті Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының баспасымен бірлескен тәрбиелік мақсатта өткізілетін жоспарына сәйкес ҚАЖД №67 мемлекеттік мекемесінде ұсталынып отырған сотталғандарға А.Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры Ә. Оразбековтың «Соқыр үміт» атты драмасы қойылды. Бас бостандығынан айырылған сотталғандардың түзелу мақсатында, білімдері мен мәдени деңгейлерін оңалту, өмірге деген ынталарын арттыру және адамгершілік пен моральдық этикалық түсініктерін қалыптастыруға ықпал ететін іс-шара. Сондай ақ сотталғандар «Соқыр үміт» атты қойылымынан эмоционалдық көңіл-күй, серігу, рухани күш қуат, яғни антидепресант әсерін алды. Театр- нағыз өнердің ордасы, демек бүгін А.Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының әртістері бар шеберліктерін салып, өз энергияларын мекеменің сахна төрінде жұмсады.

Меруерт Мыркалиева

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.